AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дихан Қамзабекұлы: Жаңа Қазақстан үшін басты бағыт...

Дихан Қамзабекұлы: Жаңа Қазақстан үшін басты бағыт – «түрлі көзқарас – біртұтас ұлт»

Әлеумет 29.04.2022, 09:12 1,555
Дихан Қамзабекұлы: Жаңа Қазақстан үшін басты бағыт – «түрлі көзқарас – біртұтас ұлт»
e-history.kz

Мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ассамблеяның ХХХІ сессиясында белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы ұлттық ұйысудағы маңызды қағидаттарға тоқталды.


Бірінші қағидат – елдік, мемлекетшілдік. Әлемдік парасат өресінде ұлт пен мемлекет – бір ұғым. Жаңа Қазақстан үшін басты бағыт – «түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» деңгейі. Ел мен жер тұтастығы да осының ішінде. Әрине, бұған бірінші кезектегі жауапты – қазақ жұрты. Елді тұтастыратын қазыққа айналу үшін ашықтықтың, беріктіктің, мемлекетшілдіктің өнегесі болуға тиіспіз.



«Әрбіріміз белгілі бір отбасында өмірге келдік, белгілі бір ортада өстік. Бірақ келе-келе қоғам қайнауында елдік құндылықтарды сіңірдік, жоғары білім алып, жетілдік. Біздің бір кездегі отбасы мен ортада алған тәліміміз Отан мен мемлекет мүддесіне дейін көтерілді», – деді Д. Қамзабекұлы.



Екінші қағидат – қоғамның жоғары мәдениеті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мұраты тұрғысынан айтқанда, әр этностың костюмі, дәм мәзірі – этностанудың бергі жағы ғана. Оның арғы жағы немесе тереңі – әр этнос ғұламаларының даналығын, философиялық ой-толғамдарын білу, түйсіну және насихаттау. «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатудың» мәні осында. Ғалымның айтуынша, осының бәрі - Жаңа Қазақстан қоғамын үйлестіруші күш, жоғары мәдениет өзегі.


Үшінші қағидат – еңбек құндылығы және барды ұқсату. Қазақстан қоғамы істің көзін табатын кәсібилікке, ел еңсесін көтеретін жұмысқа, білікті мамандарға зәру.



«Қызылордада жаңа ғасыр ауылын жасаған Абзал Ерәлиев пен Ақмолада «Родина» агрофирмасы аясында заманауи село қалыптастырған Иван Сауэр тәжірибесі – көпке үлгі. Әрбір салада, әрбір істе, әсіресе, солтүстік өңірлер мен шекаралық аймақтарда, тағдыры ауыр моноқалаларда осындай бастамашылдықты ынталандыруымыз керек», – деп түйіндеді өз ойларын ғалым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #Реформа #қамзабек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);