конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттама...

Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттамалық терминал» Мемлекеттік корпорациясының инновациялық жобасы таныстырылды.

Әлеумет 13.10.2023, 08:09 1,212
Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттамалық терминал» Мемлекеттік корпорациясының инновациялық жобасы таныстырылды.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Digital Bridge 2023 форумында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті мен шара қонақтарын құжаттама терминалымен таныстырды.


Бірегей жоба қазір Астана мен Алматыда жүзеге асырылды. Терминалдың арқасында азаматтар төлқұжат пен жеке куәлік алуға өздері өтініш бере алады. Рәсімдеу барысында клиенттер ең сәтті фотосуретті таңдап, мемлекеттік бажды сол жерде төлей алады. Өтінішті тапсыру 5 минуттан аспайтындай уақытты талап етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Жыл басынан бері 2 миллионға жуық азамат төлқұжат пен жеке куәлік алды. Көптеген жылдар бойы бұл қызмет Қазақстандағы ең танымал қызметтердің бірі болып табылады. Азаматтардың оны тез әрі кезек күтпестен алуы үшін Мемлекеттік корпорация ҚР ІІМ-мен бірлесіп «Құжаттамалық терминал» жобасын жүзеге асырды. Қазір терминалдар орнатылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына азаматтар өтініштердің 25 пайыздан астамын өз бетінше береді», - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.



Бүгінгі күні терминалдар Астанада Керей, Жәнібек Хандар көшесі, 4 және Алматы қаласында, Маркова көшесі, 44 мекенжайлары бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында орнатылған.  Жобаны масштабтау аясында Астанадағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында терминалдар орнатылып, оларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының айтуынша, алдағы уақытта мұндай құрылғыларды бүкіл Қазақстан бойынша орнату жоспарлануда.


Айта кетер болсақ, елордада 12-13 қазан аралығында жыл сайынғы Digital Bridge 2023 халықаралық IT форумы өтуде. Сонымен қатар форумда «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобаларды басқару ұлттық байқауының қорытындысы шығарылады. Мемлекеттік корпорацияның стратегия және жобаларды басқару қызметі «2023 жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясында ұсынылған. «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздік жоба» арнайы номинациясына «eOtinish» -өтініштерді қабылдаудың автоматтандырылған платформасы» жобасы ұсынылды. Мемлекеттік корпорацияның қатысушылары сарапшыларға өздерінің презентациялары мен бейнебаяндарын ұсынды. Марапаттау рәсімі 13 қазанда Конгресс-орталықта өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Digital Bridge 2023 #құжаттамалық терминал #инновациялық жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);