ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / «Диагнозды телефонға қарап қояды»: Нарынқол ауылын...

«Диагнозды телефонға қарап қояды»: Нарынқол ауылының тұрғындары білікті маман жоқ деп шағымданды

Медицина 10.08.2022, 17:03 2,024
«Диагнозды телефонға қарап қояды»: Нарынқол ауылының тұрғындары білікті маман жоқ деп шағымданды
Сурет: Ашық дереккөзі
Райымбек ауданындағы жалғыз аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жасалмаған

Райымбек ауданындағы жалғыз аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жасалмаған


Алматы облысы Нарынқол ауылының тұрғындары сауатты медицина мамандарының жоғын айтады. Ауыл тұрғындары сырқатымызға ем сұрап барсақ, дәрігерлер ұялы телефонға қарап оқып береді дейді. Одан бөлек, 40 мың халқы бар Райымбек ауданындағы жалғыз аудандық ауруханаға әлі күрделі жөндеу жасалмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.



«Әйтеуір диагнозды ұялы телефонға қарап қояды. Өздері ауруды таба алмайды ғой. Оқымаған, түк білмейді. Оқыған білімі жететіндер келсе ғой», – деді Нарынқол ауылының тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.



Тұрғындардың айтуынша, ауылға келген мамандарға жағдай жасалмайды. Сол себепті білікті маман жоқ.


«Жастар мейірбикенің оқуын оқып келеді. Ал дәрігерлердің саны шектеулі. Менің анамның өзі ауруханада істейді. Сауатсыз дәрігерлер де бар деп айтып жатады. Сол үшін ауылға сауатты маман керек, оларға жағдай жасау керек», – деді Нарынқол ауылының тұрғыны Әсель Советбай.


Ауыл жұрты арызын айтқан Райымбек аудандық орталық ауруханасының ахуалы сын көтермейді. Тұрғындардың айтуынша, 1989 жылы салынған бұл медициналық мекемеге әлі күнге күрделі жөндеу  жасалмаған. Елдің ем-домына жарап тұрған ескі емхананың қазіргі жағдайын ондағы қызметкерлер де жасырмайды. Жауын жауса төбеден су тамшылап, жел соқса шатыры ұшады екен.



«Жаңбыр болған кезде анау 3-4 қабатты су басып кетеді. Мен хирургия бөлімінде істеймін ғой. Су тамшылайды. Ішіне дейін кіреді. Баспалдақтарға шелек қойып қояды», – деді ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК хирургия бөлімінің қызметкері Жанар Ақбаева.



«Терапевт, хирург, гинеколог келсе жеткілікті деп ойлаймын. Жоқ, жалақы аз емес, мүмкін, келген  маманға үй беру керек шығар. Жастардың ауылға тұрғысы келмейді ғой. Жөндеу жұмыстары жасалады деген, бірақ әлі  жасалған жоқ. Ал мамандардың біліміне келсек, бәрі білімді деп ойлаймын», – деді ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК бас мейірбикесі Назгүл Мержанова.


Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Райымбек ауданына іссаппары барысында аталған аудандағы 1 аурухана мен 5 дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеуді қажет ететіні айтылған еді. Облыс басшысы жағдайды көзбен көріп, тиісті тараптарға тапсырма бергенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.