Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / DESIGN REVIEW 2024: инклюзивті ортаны құру үшін ең...

DESIGN REVIEW 2024: инклюзивті ортаны құру үшін ең жақсы жобалар байқауы қалай аяқталды

Әлеумет 04.12.2024, 18:22 745
DESIGN REVIEW 2024: инклюзивті ортаны құру үшін ең жақсы жобалар байқауы қалай аяқталды
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда ҚазБСҚА және «Алматыбасжоспар» ҒЗИ көмегімен Алматы қаласын дамыту орталығы ұйымдастырған DESIGN REVIEW 2024 байқауы аяқталды. Қорытынды және марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтіп,...

Алматыда ҚазБСҚА және «Алматыбасжоспар» ҒЗИ көмегімен Алматы қаласын дамыту орталығы ұйымдастырған DESIGN REVIEW 2024 байқауы аяқталды. Қорытынды және марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтіп, қатысушылар кеңестік және посткеңестік дәуірдегі көпқабатты үйлерді жаңарту бойынша жобаларын ұсынды.

Байқау 16 команда үшін бірегей алаң болды, оның ішінде жергілікті және шетелдік жоғары оқу орындарының сәулет және дизайн мамандықтары бойынша оқитын 49 студент бар. Бастапқыда 65 команда тіркелгенімен, 16 команда финалға шықты. Қараша айында қатысушылар лифттері жоқ ғимараттарда инклюзивті ортаны құруға бағытталған жобаларды әзірлеу үшін сарапшылармен шеберлік сабақтары мен кеңестерге қатысты.

Қатысушылардың қорытынды жұмыстарын «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ, ҚазБСҚА өкілдерінен, сондай-ақ шақырылған сәулетшілер мен урбанистерден тұратын қазылар алқасы бағалады. Бағалаудың негізгі өлшемшарттары:

Таңдалған нысанды негіздеу және талдау;

Көлемдік-жоспарлау шешімдері;

Сызбалар, визуализация және ұсыну креативтілігі;

Шешімдердің практикалық қолданылуы және инклюзивтілігі.

Презентация нәтижелері бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

1-орын – «Ескі үйдегі жаңа өмір» жобасы. Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) V курсы: Мұрат Айкөркем Ғалымқызы, Бали Дания Маратқызы, Ильяшева Аяна Жайлыбайқызы, Айтжанова Іңкәр Дарханқызы.

2-орын – «Қолжетімді үй – жайлы өмір» жобасы. ХББК III курс: Дерели Гульбахар, Данабекова Шугыла Бакыткызы, Дерели Фатима Нур, Шалимбетова Жанель Жанарбековна.

3-орын – «Этномәдени мұра негізінде қолжетімді архитектуралық орта құру» жобасы. ХББК IV курс: Слонимец Диана Михайловна, Тунгышпаева Акниет Муслимкызы.

Байқау қатысушыларға Алматы қаласының қалалық ортасын өзгертуге үлес қосу мүмкіндігін бере отырып, тұрақты даму және инклюзивтілік қағидаттарын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Үздік жұмыстар қалалық сәулет саласындағы құзырлы органдарға ұсынылады.

DESIGN REVIEW 2024: как заверш

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.