ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Десантшылар түнде парашютпен секірді

Десантшылар түнде парашютпен секірді

Өмір-өзен 17.06.2021, 11:26 1,743
Десантшылар түнде парашютпен секірді
Сурет: Gov.kz
Десантшылар жаттығуын жалғастыруда

Десантшылар жаттығуын жалғастыруда


Талдықорғанда 150-ден астам десантшы Д-6 және «Бүркіт» парашюттерін пайдалана отырып, түнде секірді.


Түнде парашютпен секіру – десантшылардың жауынгерлік даярлығының міндетті элементі. Бұл жаттығуларды келісімшарт бойынша офицерлер мен әскери қызметшілер орындайды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарына сілтеме жасап.



– Секіруге рұқсат берілген барлық әскери қызметшілер парашютті жинау тәртібін егжей-тегжейлі зерделеп, алдын ала дайындықтан және арнайы әуе-десант кешенінде оқытудан өтті. Әуеде және жерге қону кезінде іс-қимылдарды пысықтады, – деді десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің әуе-десант даярлығы жөніндегі орынбасары, подполковник Аркадий Бурмич.



Түнде парашютпен секіру күндізгі уақытқа қарағанда қиын. Оларды орындау десантшыдан ширақ іс-қимылын, қырағылық пен нақтылықты қажет етеді. Қараңғыда әуені бағдарлау қиындайды. Сондықтан түнгі секірудің дайындық бағдарламасына қону кезіндегі арнайы дағдыларды дамыту сабақтары кіреді.


Парашютші төмендеген кезде тек секіру алаңының жарық белгілеріне ғана емес, сонымен қатар жақын жердегі жарықтандырылған жолдар мен өзендердің шағылысуына, басқа да бағдарларға сүйену керек.



– Түнгі секіруге дайындық кезінде біз қонуға ерекше назар аударамыз. Егер күндізгі уақытта десантқа жерге қону сәтін нақтылау оңай болса, бұл қиыншылық тудырмайды. Ал түнде қону кезінде арақашықтық пен уақытты анықтау қиын. Сондықтан қараңғыда секірген десантшы кенеттен жерге соққымен түсуге дайын болуы керек, – дейді подполковник Аркадий Бурмич.



Түнгі уақытта парашютпен секіру – бұл әуе-десанттық даярлықтың ең қиын, әрі жауапты кезеңдерінің бірі. Оның сәтті орындалуы тек батылдық пен ерік-жігерді ғана емес, сонымен қатар ережелерді, жинақылық пен белгілі бір шеберлікті қатаң сақтауды талап етеді.


Жаттығулар күндізгі уақытта зерделеніп, түнгі секірулер алдында қайта пысықталғанда және әр десантшы дайындықты барынша меңгергенде әуедегі іс-қимылдар сәтті орындалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.