ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Десантшылар көкте парашютпен секірді

Десантшылар көкте парашютпен секірді

Оқиға 16.02.2023, 13:30 1,620
Десантшылар көкте парашютпен секірді
Сурет: Министрлік
Ұшу жылдамдығы сағатына 180 шақырым, биіктік – 800 метр

Ұшу жылдамдығы сағатына 180 шақырым, биіктік – 800 метр


Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері әскери-көліктік авиация ұшақтарынан парашютпен секіру тәсілдерін пысықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл шараға Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының 200-ден астам офицері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшісі тартылды. Әскери-көліктік авиацияның С-295 ұшағынан секіру ұзақ үзілістен кейін алғаш рет жүргізіліп отырғанын айта кету керек.


Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының әуе-десанттық қызметінің офицерлері жеке құрамға ұшақтан парашютпен секіруді ұйымдастыру мен секіру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізді. Онда секіру элементтерін жерде пысықтау мен парашют жүйелерін кезең-кезеңімен төсеу де жүзеге асты.


Әскерлердің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев десантшыларға тән нағыз ерліктің неден құралатынын атап өтті.



 – Кез келген адам парашютпен секірерде үрейге бой алдырады Бірақ біз, десантшылар, бұл үрейді еңсере отырып, жүктелген тапсырманы нақты орындай алатынымызбен ерекшеленеміз. Ержүректілік деген, міне, осы, – деді генерал-майор Алмаз Жұмакеев.



Десанттық-шабуылдау әскерлеріне 2017 жылдан кейін келген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің көпшілігі С-295 ұшағынан бірінші рет секіріп отыр.




 – Әскери-көліктік авиация ұшағынан парашютпен секіруге тікұшақтан кемінде бес рет секірген әскери қызметшілер ғана жіберіледі. Сондықтан мерзімді қызметтің сарбаздары бұған қатыспайды, – деп түсіндірді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары, полковник Нұрмахан Құдайбергенов.



Әскери-көлік авиациясының ұшағынан секіру жоғары күрделілігімен ерекшеленеді. Ұшу жылдамдығы сағатына 180 шақырым, биіктік – 800 метр. Мұның бәрі жеке құрамнан арнайы дайындық пен дағдыны талап етеді.


Ми-17 және Ми-8 тікұшақтарынан, әдетте, взводты секірту жүргізілсе, ал С-295 ұшағын қолдана отырып, секіруде бұл сан ротаға дейін артады. Өз кезегінде бұл ауқымды жауынгерлік міндеттерді орындауға молынан мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.