ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Дертіне дауа іздеп Түркияға барғандарға көмек қолы...

Дертіне дауа іздеп Түркияға барғандарға көмек қолын созар қандастар бар

Өмір-өзен 11.01.2023, 04:57 1,315
Дертіне дауа іздеп Түркияға барғандарға көмек қолын созар қандастар бар
Сурет: 24.kz
Түркияға ем іздеп барған отандастарымызға демеу боп жүрген қандастар бар.

Түркияға ем іздеп барған отандастарымызға демеу боп жүрген қандастар бар. 


Ыстамбұлда тұратын қандасымыз Нұрабдуллах Жәдік еміне шипа іздеп, шарқ ұрған жандарды барынша қолдап, қолжетімді қызмет алуға көмектеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Негізгі кәсібі заңгер болғанымен, медицина саласына қатысты жайттарды жетік меңгерген. Тарихи отанынан келгендерге көмекті ұлтына деген құрмет деп біледі. 


Қандасымыздың үш қабатты үйі бар. Ескі болса да, қаланың қақ ортасында орналасқан. Үй иесі Нұрабдуллах Жәдік Түркияда туып-өскен. 25 жылдан бері заң саласында жұмыс істейді. Ата-анасы осыдан 70 жыл бұрын Анадолы жеріне қоныс аударған. Әкесінен қалған мүлікті ұлтының пайдасына жаратып жүр. Бұл жерді Абдул Болдырған Жадик үйі деп атаған. Нұрабдуллахтың меймандардан бір ғана қалауы бар. Ол - бақилық болған ата-анасына құран бағыштап, иман келтіру.



«Бұл үйді тегін әкем салған. Онда 5 жыл бұрын жөндеу жұмысын жасадым. 4-5 жыл болып қалды. 50-60-тай кісі осында қонақтап кетті. Жоғарғы қабатында әпкем тұрады. Екі қабатында емделуге келгендер қалады. Бала- шағасымен келсін, кіммен келсе де, келсін. Өзі осы жақта тұрады. Ішкі жаққа әкем мен шешемнің атын жазып қойдым», - дейді қандас Нұрабдуллах Жәдік.



Бұл үйде емделуге келген кез келген қазақ ақысыз тұрақтай алады. Бірнеше жатын бөлме, жылы төсек бар. Одан бөлек, теледидар тамашалап, тынығатын және ас әзірлейтін мүмкіндік қарастырылған.                                        



«Ұлтымыз қазақ болғаннан кейін «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді. Біз әке-шешемізден бір-бірімізге көмектесуді үйрендік. Тек Түркияда емес, дүниеде тарыдай шашылған қазақ бар ғой. Оларға біздің қандай пайдамыз болады? Қандай көмегіміз болады? Қолымыздағыны бірге бөліп жемесек, пайдаланбасақ, қазақ дегеніміз атымыз қайда»? - дейді қандас Нұрабдуллах Жәдік.        



Шетел асып, дертіне дауа іздеген жанға Нұрабдуллахтың әпкесі де жол көрсетіп, жөн сілтейді.



«Келерде кейде жол таба алмай қалады. Кейде баратын жеріне жалғыз бара алмайды. Сонда маған бірге барайық па дейді. Бірге барамыз. Үйде кейде тамақ істеуге шамалары болмайды. Сонда тамақ істеп қоямын. Келінім бар. Кейде үйді тазалап кетеді. Олардың ауырып, ауруханаға барып-келіп жүргенде шамасы келмей қалады», - дейді әпкесі Нұрилла Жәдік. 



Жалпы, Түркияда жылына тек 400-ден астам шетелдікке тегін емделу үшін квота бөлінеді. Бірақ бұл мүмкіндікке көбінің қолы жете бермейді. Басты талап – дертіне елінде дауа табылмағаны жөніндегі анықтама көрсету. 



«Шетел азаматтарының Түркияда емделуіне заң шығарылған. Қазақстаннан келетін қазақтардың пайдалануына тілектеспіз. Бұл үшін «Менің ауруыма Қазақстанда ем табылмады» деген емханадан құжат алып, оныменен түрік консулдығына барса болады. Бұл заңды қазақстандықтар да біліп, қандас бауырларымның осында емделуіне пайдамыз болсын деп айта кетейін дедім», - деді Нұрабдуллах Жәдік.



«Олар Анадолы жеріне сауық іздеп, сайран қуып келмейді. Біз дертіне дауа іздегендерді бірден танимыз», - дейді қандасымыз. Соған сай пейілін де тарылтпауға тырысады. Ыстамбұлға көршілес жерде тұрса да, үлкен шаңыраққа жиі ат басын бұрып, қонағын төрге оздырып, құрметін көрсетеді.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.