Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын...

Депутаттар шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынды

Әлеумет 03.05.2023, 09:32 1,328
Депутаттар шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынды
Сурет: ашық дереккөз

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы шетелде тіркелген көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.







«2022 жылы 1 қырқүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізге заңсыз кірген автокөліктерді тіркеу туралы біржолғы шешім жасауды ұсынды. 2023 жылы Үкімет Қаулысымен 2022 жылы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көліктердің жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесі мен утилизациялық алымын 200 мың теңге көлемінде бекітті. Оған қоса көлік басқа мемлекеттің іздеуінде болмауы және кедендік тазалаудан өтуі шарт болды. Қазір біздің көтеріп отырған мәселеміз ел аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін кірген 80 мыңға жуық көліктің тағдыры жайында болмақ», - деді депутат Наурыз Сайлаубай Мәжілістің бүгінгі отырысында.



Оның айтуынша, халық шетелдік машиналарды жылы жаңа, сапасы жоғары, бағасы да тиімді болғандықтан жаппай алып жатыр.



«Өздеріңіз білетіндей, біздің елде 30 жыл жүрген ескі көліктің бағалары шарықтап тұр. Мысалы, 2-3 жыл бұрын «Toyota Camry 20» автокөлігі 2 млн теңге тұрса, қазір 4 млн теңгеге жетті. Себебі сатып алған ескі көліктің бағасы жыл сайын қымбаттауда. Ал өзімізден құрастырылып шыққан автокөліктер қарапайым тұрғындарға қолжетімсіз, бағасы сапасына сай келмейді. Шетелден ресми түрде сатып алайын десе утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу алымы көлік бағасынан да асып жатыр. Сондықтан азаматтарымыз әлі күнге дейін көрші елдерден көліктерді кіргізіп жатыр. Олардың саны күн сайын артып, алдағы уақытта тағы үлкен мәселеге әкеп соғуы әбден мүмкін», - деді Н. Сайлаубай.



Осыған байланысты Наурыз Сайлаубай Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдады.



«2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін шетелде тіркелген көліктерді айдаған Қазақстан азаматтарына еліміздің шекарасына кіруге неге рұқсат берілді? Президент жолдауында заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет деді. Сіздердің тарапыңыздан тосқауыл қою үшін қандай шаралар қабылданды? Шекарамыздан өткен шетелде тіркелген автокөліктердің қаншасы мемлекеттік тіркеуден өте алмады және олардың тағдыры не болмақ?», - деп сұрады депутат.



Сонымен қатар Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы шетелде тіркелген көліктерді заңдастыру уақытын, шекарамыздан заңсыз кіретін көліктерді өткізбеудің амалдарын тауып, нақты шарттарын бекіткенше ұзартуды ұсынды.



«Жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, бұл көлік иелерінің арасында жалғыз басты аналар, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жасы 35-ке дейінгі жастар бар екенін ескере отырыңыздар», - дейді ЖСДП өкілі.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#машина #шетелдік #Заңдастыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.