Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар шекара заставаларын салу мерзімінің өре...

Депутаттар шекара заставаларын салу мерзімінің өрескел бұзылғанын жариялады

Әлеумет 13.12.2023, 13:17 1,139
Депутаттар шекара заставаларын салу мерзімінің өрескел бұзылғанын жариялады
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстандағы шекара заставаларының құрылысына қатысты түйткілді мәселелерді көтерді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



– Қазақстан Республикасының аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50 шекара заставасының құрылысы жоспарланған болатын. 2022 жылы «Капитал Констракшн» ЖШС және «ТОЛАҒАЙ-2050» ЖШС мердігерлерімен жалпы сомасы 53 894 млн теңгеге 20 шекара заставасының құрылысы бойынша жұмыстарды сатып алуға тендер жарияланып, келісім-шарттар жасалды. Жасалған келісім бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 40 350 млн теңге сомасына 15 шекара заставасын салуы тиіс болатын. Алайда, жоғарыда аталған келісім бойынша мерзімдерді өрескел бұзулар бар. Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қатысты да шағымдар бар», – деді Айдос Сарым Мәжілістің жалпы отырысында жолдаған депутаттық сауалында.



Депутаттың қолында бар мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша «ТОЛАГАЙ-2050» ЖШС бар болғаны 13 960 миллион теңгені немесе жалпы келісім-шарт сомасының 35 пайызын игерген. Аталған нысандар бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС келісімшарт мерзімін тағы 9 айға ұзартуды сұрайды, бұл жоба құнының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін.



– Алматы қаласы мен Павлодар облысындағы ирригациялық желілерді қайта жаңғырту, Сайрам су қоймасын механикалық тазалау және т.б. жобаларда «TOLAGAI-2050» ЖШС компаниясының атауы бір емес, бірнеше рет жағымсыз түрде жарияланды. Компания 80-нен астам азаматтық және әкімшілік іс жүргізуге қатысты, оның 10-нан астамы 2023 жылы болған, соның ішінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану. Бұл ретте, аталған жобаның тапсырысшысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті бұған толық заңды негізге ие бола отырып, әлі күнге дейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдаған жоқ, - деп атап өтті мәжіліс депутаты.



Ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 627-бабында: «Егер мердігер шартты орындауға уақтылы кіріспесе немесе жұмысты мерзімінде аяқтау анық мүмкін болмайтындай баяу орындаса, тапсырыс берушінің шарттан бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.



– 2022 жылдың 3 ақпанына дейін бұл компанияның құрылтайшыларының тізімінде қазір қайтыс болған Болат Назарбаевтың қызы Назарбаева Ақбота болғанын айта кетейік. Шекара заставаларын салу еліміздің аумақтық қорғанысын қамтамасыз етудің негізгі бөліктерінің бірі екенін ерекше атап өткіміз келеді. Құрылыс мерзімін сақтамау елдің аумақтық тұтастығын бұзу, есірткі және басқа да тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы, жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз өтуі қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, аталған жоба бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС-не тексеру жүргізіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қабылдауыңызды сұраймыз, - деді А.Сарым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #застава #құрылыс #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.