AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар құмар ойындарды заңмен қудалау мәселесі...

Депутаттар құмар ойындарды заңмен қудалау мәселесін көтерді

Әлеумет 12.04.2023, 14:33 1,211
Депутаттар құмар ойындарды заңмен қудалау мәселесін көтерді
Сурет: Egemen.kz

2022 жылы құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер көлемі 553,6 млрд теңге болған.


Бұл статистика 12 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолданған депутаттық сауалда келтірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


AMANAT партиясының «Қоғамдық саясат институты» жасаған әлеуметтік зерттеуде халықтың 73,7 пайызы лудоманияға қатты алаңдаулы екенін және букмекерлік кеңселердің жұмысына қатаң тыйым салу қажеттігін айтқан.


«Бүгінгі таңда букмекерлік кеңселер халықты құмар ойындарға барынша көп тартуға миллиондаған теңге жұмсап отыр. Еліміздің жетекші теле-радио арналары спорт таранслияциялары кезінде букмекерлік кеңселерді жарнамалауда. Қоғамдық орындардағы лотерея терминалдарын жауапты органдар бақыламау себебінен буыны қатпаған бүтін бір ұрпақ сол темір терминалдардың құрсауында жүр», - деді Жанарбек Әшімжан.


Осы орайда депутат қарызға қарыз жамап, құмар ойын үшін шағын несие алып ойнайтындардың қатары көбейгенін алға тартты.


«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Бесігіміз – жастар! Ал жастарымыз есігі айқара ашық құмар ойындардың ошағындағы отқа жылынып жүр. Құмар ойын дегеніміз – қып-қызыл от! Ол от бүгін ұрпағымызға ауыз салса, ертең қоғамымызды өртке орайды», - деп ойын жеткізді Жанарбек Әшімжан. 


Депутаттар Үкіметтен мына нақты іс-шараларды жедел түрде қолға алуын талап етті:



  1. Қолданыстағы несие бойынша 3 айдан астам уақыттан бері төлем жасай алмаған тұлғалардан онлайн және офлайн бәс тігуді қабылдауға қатаң тыйым салу керек.

  2. Қаржы пирамидаларын, онлайн-казиноларды және басқа да құмар ойындарды жарнамалау заңмен қудалану керек.

  3. Супермаркеттер мен қоғамдық орындарда самсап тұрған «Lotomatic» секілді әртүрлі лотерея терминалдарын орнатуға және лотерея билеттерін таратуға қатаң тыйым салу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құмар ойындар #депутаттық сауал #заңмен қудалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);