AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар Арселор Миттал басшылығын қылмыстық жау...

Депутаттар Арселор Миттал басшылығын қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Әлеумет 18.08.2023, 02:25 1,200
Депутаттар Арселор Миттал басшылығын қылмыстық жауапқа тартуды талап етті
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Құдайберген Бексұлтанов «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы апатқа қатысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Олардың айтуынша, көмір шахталарындағы жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың бей-берекет қысқартылуы осындай қайғылы оқиғаның орын алуына себеп болды.



«Бұған дейін «AMANAT» партиясының депутаттары қаражат үнемдеп, отандастарымыздың өліміне әкеп соқтырарлық шешім қабылдайтын компанияның топ-менеджментін – шетелдік азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірнеше ескертуге қарамастан, трансұлттық компанияның басшысы, Миттал мырза отандастарымыз апатқа ұшырамауы, жарақаттанбауы және қаза таппауы үшін тиісті шара қабылдауға мүлдем тырыспады. Біз бұл сөзімізді Үкіметке қарата айтып отырмыз: есеп айырысатын кез келді – Миттал мырзамен жолымыз бір емес! Онымен қоштасатын уақыт келді!», – делінеді мәлімдемеде.



Халық қалаулылары Бас Прокурорға жүгініп, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшылығын жауапқа тартуды талап етті.



«Миттал үшін отандастарымыз жай ғана шығын материалы іспетті. Қынжылмай құтыла салады. Бізге мұндай инвестордың керегі жоқ», – деді депутат Снежанна Имашева.



Ал мәжілісмен Никита Шаталов Лакшми Миттал кейінгі жылдары орын алған барлық қайғылы оқиғадан қорытынды шығармағанын, ал компания менеджменті үшін отандастарымыздың қазаға ұшырап жатқаны және олардың денсаулығына ұдайы қауіп төніп тұрғаны маңызды мәселе емес екенін атап өтті.



«Біз көмір өндіру және байыту, болат балқыту технологиясын дамытудың ондаған жылын жоғалттық. Ол аз болғандай, осы нысандарда отандастарымыздан айырылып қалып жатырмыз. Бұдан арылудың бір ғана жолы бар – мемлекет Митталдың компаниясын елден шығарып, Қазақстанның жер қойнауы мен отандық өнеркәсіпті пайдалануы туралы онымен жасалған барлық келісімді бұзуы керек. Бұдан былай мұндай сорақылыққа неге төзе беруіміз керек екенін түсінбеймін. «Арселор» отандастарымыздың өлімімен байып отыр», – деді депутат.



Еске сала кетейік, бұған дейін мәжілісмен Ерлан Саиров Лакшми Миттал Қазақстан халқының осынау игілігін еш ауыртпалықсыз, су тегінге алғанын, ал «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы тауарлар мен қызметтерді жеткізуші қазақстандық кәсіпкерлерге шамамен 700 млн теңге қарыз екенін айтқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауапқа тарту #оқиға #қылмыстық іс #басшы #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);