AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутат қандай жағдайда сөзден де, жалақыдан да қа...

Депутат қандай жағдайда сөзден де, жалақыдан да қағылады?

Әлеумет 02.10.2025, 13:23 828
Депутат қандай жағдайда сөзден де, жалақыдан да қағылады?
Сурет: ЖИ

Заңда және Парламент Регламенттерінде депутаттың жұмысына нақты талаптар қойылған.

Aqshamnews.kz редакциясы осы жағдайға қатысты жолдаған ресми сауалға ҚР Президенті Іс басқармасы жауап берді. Ресми мәліметке сәйкес, депутаттың жалақысы мен парламенттік сөз сөйлеу құқығынан қандай жағдайда айырылатыны заңмен және Парламент регламенттерімен нақты реттелген.

Егер депутат:

  • Парламент немесе Палата отырысына үш реттен артық дәлелсіз себеппен келмесе, болмаған күндерге жалақы төленбейді;
  • Басқа депутат үшін заңсыз дауыс берсе – айлық жалақысынан толықтай айырылуы мүмкін;
  • Дауыс беру құқығын бұзғаны анықталса – дауысты рұқсатсыз берген күніне жалақы төленбейді.


Қандай жағдайда депутат сөзден айырылады?

Сенат пен Мәжіліс Регламенттеріне сәйкес Сенат депутаты өзі сайланған Парламенттің, Палатаның және олардың органдарының жұмысына қатысуға міндетті, ал Мәжіліс депутаты өзі сайланған Парламенттің, Палатаның және олардың органдарының, сондай-ақ парламенттік тыңдаулардың, үкіметтік сағаттар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға міндетті.

Белгіленген регламенттер бұзылған жағдайда тиісті Палата Төрағасының шешімімен депутатқа келесідей жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

- парламенттік айыптау;

- көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу;

- палаталардың бір бірлескен немесе бөлек отырысы ішінде сөзден айыру;

- палаталардың үш бірлескен немесе бөлек отырысы ішінде сөзден айыру;

- палаталардың бір бірлескен немесе бөлек отырысы уақытында мәжіліс залынан шығару;

- палаталардың үш бірлескен немесе бөлек отырысы уақытына мәжіліс залынан шығару;

- бір күндік жалақыдан айыру.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылы Парламентті ұстауға 7,8 млрд теңге бөлінетінін жазған едік. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #регламент #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);