AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Нартай Сәрсенғали: Мемлекет басшысы жаңа Конституц...

Нартай Сәрсенғали: Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның басты авторы

Референдум 11.03.2026, 17:37 683
Нартай Сәрсенғали: Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның басты авторы
Видео кадры

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Парламент отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанда ұсынылып отырған жаңа Конституцияның маңызына тоқталып, оның халықтық талқылаудан өткен құжат екенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, жаңа Ата заң – елдегі саяси жаңғырудың логикалық жалғасы және мемлекеттік басқаруды, адам капиталы мен ұлттық қауіпсіздікті күшейтетін маңызды қадам, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәжіліс мінберінде сөйлеген депутат Нартай Сәрсенғалиев жаңа Конституцияның қабылдану үдерісіне кең көлемде талқылау жүргізілгенін айтты. Оның сөзінше, құжатты дайындауға әр саланың 130 маманы қатысқан. Ал заңгерлер мен қоғам белсенділерінің ұсыныстарын қоса есептегенде, бұл жұмысқа мыңға жуық адам атсалысқан.

Депутат бұл жағдайды бұрынғы Конституциямен салыстырып өтті. Оның айтуынша, бұрынғы Ата заңды небәрі 12 адам жазған, оның үшеуі шетелдік болған. Сондықтан жаңа Конституцияның халықтық сипаты әлдеқайда айқын екенін атап өтті.

Нартай Сәрсенғалиевтің пікірінше, жаңа Конституция – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформалардың заңды жалғасы. Құжатта әділетті Қазақстан қағидаты, заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау және мемлекеттік институттарды жаңғырту сияқты маңызды бағыттар қамтылған.

Депутат жаңа Конституцияны түсіндіру мақсатында халықпен кең көлемде кездесулер өткенін де айтты. Өзінің айтуынша, ол «AMANAT» партиясының «Халық сөзі» жобасы аясында арнайы автобуспен елдің барлық өңірін аралап, тұрғындармен жүздескен. 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланы қамтыған сапар барысында жаңа Ата заңға қатысты ұсыныстар мен пікірлер жиналған.

Сөз барысында депутат жаңа Конституциядағы бірқатар маңызды өзгерістерге тоқталды. Соның бірі – адам капиталына басымдық беру. Жаңа редакцияда мемлекет білім, ғылым және инновацияны стратегиялық бағыт ретінде танитыны нақты жазылған. Бұл, депутаттың айтуынша, ғылым мен дарынды жастарды қолдауға жаңа серпін береді.

Сонымен қатар жаңа Конституцияда қос азаматтыққа қатаң тыйым салу нормасы нақты әрі түсінікті түрде бекітілген. Бұл талап ұлттық қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Тағы бір маңызды өзгеріс – Парламенттің рөлін күшейту. Бұрын болған президенттік квота нормасы жаңа Конституцияда алып тасталған. Бұл қадам ықпалды Парламент қағидатын нығайтуға бағытталған.

Депутат сондай-ақ теңгені ұлттық валюта ретінде Конституцияда бекіту ұсынысына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл норма ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен мемлекеттік егемендіктің маңызды белгісі болып саналады.

Бұдан бөлек, Ата заңға өзгерістер енгізу тәртібі де күшейтіледі. Енді Конституцияға өзгерістер тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатын болады.

Сөз соңында Нартай Сәрсенғалиев жаңа Конституцияда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы» екені нақты көрсетілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қағида халықтың ел тағдырындағы басты рөлін айқындайды.

Депутат жаңа Конституция ел мен жердің иесі саналатын халықтың мүддесіне қызмет етуі тиіс екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);