ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Депутат «Күнделікті» сынға алды

Депутат «Күнделікті» сынға алды

Білім және ғылым 13.09.2023, 10:23 1,268
Депутат «Күнделікті» сынға алды
Сурет скрин
Депутат бұл жүйенің ұлттық қауіпсіздіктің тамырына балта шабатынын айтты

Депутат бұл жүйенің ұлттық қауіпсіздіктің тамырына балта шабатынын айтты


Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров депутаттық сауалында «Күнделік» жүйесін сынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты міндет» деп атап өтті. Ескі Қазақстаннан бізге мұра болып қалған жастарды тәрбиелеудегі олқылық Қазақстаның барлық мектебіне күштеп енгізілген «Күнделік» жүйесі. Электронды қызмет көрсете алатын бір емес, бірнеше отандық компанияның болуына қарамастан, сарапшылардың айтуынша, сол кездегі заманын қонышынан басқан топтардың қысымымен құзырлы орган 4 миллион қазақстандық оқушының жеке мәліметтерін жинау, сақтау және өңдеу қызметін ешқандай іріктеу мен байқаусыз, шетелдік компанияға 12 жылға беріп жіберген», - деді ол.



Депутаттың айтуынша, бұл салада шет елден басқарылатын қолдан жасалған монополия пайда болды. 



«Сыртқы монополияның күшімен Қазақстанның барлық балалары, мұғалімдері мен ата-аналары (жалпы саны 7 миллион адам) мемлекет пайдалануға міндеттеген «Күнделіктен» күнделікті жағымсыз жарнама көруге мәжбүр. Соның ішінде этика мен ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын, жалаңаштанған, нәпсі мен ойынның жарнамасы көп. Бұл жөнінде ақпарат құралдары үнемі дабыл қағуда. Мектеп оқушыларын жағымсыз жарнама қарауға міндеттеп, сол арқылы шетелдік монополияны байытуға жол берген заң немесе ГЧП шарт әлемнің дамыған бірде бір елінде жоқ. Бұл аз болғандай, «Күнделік» жүйесі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» атты мемлекеттік мекеменің серверлерін пайдаланады және ол үшін оқу-ағарту министрлігі жыл сайын 800 млн теңге қаржы төлейді деген ақпаратты Бас Прокуратура тексеруі қажет», - деді Саиров.



Депутат «Күнделік» барлық мектепте 2030 жылға дейін қолдануға міндетті жалғыз электронды жүйе екенін айтты.



«Ертең ол мәліметтер жоғалса, жарнама берушілерге сатылса немесе астыртын зиянды жолмен қолданылса, кім жауап береді? Бұл сала монополиялық реттеуге мүлде жатпайды, сондықтан бәсекелістік болуы шарт. Ал «Күнделік» бүгінде жасанды монополия. Жақында тура осындай шетелдік қызмет болып табылатын «Яндекс Таксидегі» ересектердің жеке мәліметтері мәселесі қоғамда қызу талқыланды. Ал «Күнделік» біздің балаларымыздың жеке мәліметтеріне қол сұғып, рухани келбетіне кері әсер ететін, ұлттық қауіпсіздіктің тамырына балта шабуға қабілетті терең проблема. Балалардың санасы мен ұлттың ертеңіне төнген қауіпті ескеріп, Үкіметтен шұғыл әрекет етуі қажет. Жол берілген қателікті жөндеп, балалардың жеке мәліметтерін мемлекетке қайтарып, салада қалыптасқан шетелдік жасанды монополияны бұзып, отандық компаниялар арасындағы еркін бәсекелестікке жол ашу заман талабы», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.