ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрімек бағасын төм...

Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрімек бағасын төмендету шараларын талқылады

Медицина 27.07.2024, 11:10 972
Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрімек бағасын төмендету шараларын талқылады
Сурет: Gov.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен және негізгі дистрибьюторлармен 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды...

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен және негізгі дистрибьюторлармен 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ведомство басшысы денсаулық сақтау шығыстары елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі көрсеткіші болып табылатынын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz ДСМ-не сілтеме жасап.

”Мемлекет барлық азаматтар үшін медициналық көмек пен дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Сатып алу науқанын бастамас бұрын, өндіруші белгілеген дәрі-дәрмек бағасы қолайлы және қолжетімді екеніне көз жеткізу маңызды. Бұл ретте жергілікті дистрибьюторлардың үстеме бағасы регрессивті үстеме шектерде қалуы тиіс", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

"СҚ-Фармация" ЖШС деректері бойынша Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды ұзақ мерзімді шарттар, тікелей келісімшарттар, халықаралық ұйымдар мен тендерлер арқылы жүзеге асырады. Тендер және отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар бойынша сатып алу үлесі 88%-ды құрайды.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша өткен жылы шамамен 21.5 млрд. теңге үнемделді, ағымдағы жылы үнемдеу сомасы 50 млрд.теңгеге дейін ұлғайтылды. Дегенмен, генериялық немесе биоұқсас препараттардың бағасы бастапқы дәрі-дәрмектердің құнынан асатын жағдайлар бар. Министрлік мұндай жағдайларды жою және баға жүйесін жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Сатып алудағы отандық өнімнің үлесін ұлғайту үшін 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді шарттар жасасу бойынша қолдау шарасы көзделген. Дегенмен, барлық өндірушілер мен дистрибьюторлардың барлығы бірдей жеңілдіктер бермейді.

Денсаулық сақтау министрі фармацевтикалық компаниялардың өкілдерін әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге және бағаны төмендетуге қайта қарауға шақырды.

Ведомство сатып алу процесін оңтайландыру және барлық азаматтар үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.