ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Денсаулық мықты болса, адами капитал сапасы да арт...

Денсаулық мықты болса, адами капитал сапасы да артады

Әлеумет 26.06.2021, 12:21 1,808
Денсаулық мықты болса, адами капитал сапасы да артады
Сурет: Massaget.kz.
Денсаулық мықты болса, адами капитал сапасы да артады

Денсаулық мықты болса, адами капитал сапасы да артады


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың 25 маусымдағы тікелей эфирде өткен брифингіне қала тұрғындары пікір білдіріп жатыр. Солардың бірі «Алматы Студенттер Альянсы»  ҚФ басшысы Жасұлан БОСТАНДЫҚҰЛЫ, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.



«Кеше ғана Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының тікелей эфирде халық алдына шығып, өзіндік есеп беруі, сонымен қатар халық көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап беру брифингін көрдік. Бұл негізінен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылды. Кеше бір ашық диалог алаңы болды. Елдің көкейінде жүрген сұрақтардың біршамасы қойылды. Бұл брифингті тікелей эфирде әлеуметтік желіде бақыладым. Айтылғандардың ішінде, Алматы қаласы әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмекке тоқталғым кеп тұр. Бізде қалада жасалып жатқан әлеуметтік көмектің барлығы тікелей халықтың сұранысына, мұң-мұқтажына бағытталған. Оның ішінде, атап өтетін болсақ, тұрғындарға «үй сертификаттарын» табыстау «Бақытты отбасы» бағдарламасы негізінде халықтың осал топтарына, атап айтар болсақ, көп балалы отбасы, мүгедек жандар, жетім балаларға қайтарымсыз негізде 1 млн. теңге жарна беруі – бұл үлкен кезек күттірмес мәселе. Себебі, бүгінде баспана кез келген Қазақстан азаматының өзекті мәселесінің бірі. Оған бастапқы жарна құю, ақша жинау деген сынды дүниелердің барлығы қиындық тудырады. Ал осы тұсты әкімдік тарапынан беріліп отырған 1 млн. теңге халыққа өз кезегінде үлкен мүмкіндік беріп отыр. Брифингте қарастырылған тағы бір мәселе – жедел жәрдем қызметкерлерін қолдау. Қазір әлемдік ахуал – пандемия жағдайы біздің дәрігерлердің қаншалықты маңызды адам екенін көрсетті. Бұл уақытқа дейін де дәрігерлерге баса көңіл бөлініп келді, ал мына пандемия жағдайында біз дәрігерлерді одан сайын құрметтей түстік. Бұл кісілерге әртүрлі үстемақы мен марапаттау деген сынды дүниелердің барлығы – бұл дәрігерлер үшін қуантарлық жағдай. Себебі, өздерінің маңызды тұлға екенін сезіну арқылы өз жұмыстарын одан әрі құлшына істейді. Көрсетіліп жатқан көмектер дәрігер статусының көтерілуіне септігін тигізеді. Бізде адами капитал сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – бұл денсаулық сақтау саласы болып табылады. Яғни адами капитал сапасы адамның денсаулығы жақсы болған жағдайда өседі. Осы тұрғыда әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер дәрігерлерді ынталандырады деп ойлаймын», - деді Жасұлан Бостандықұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.