AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Denis Ten Memorial Challenge қазақстандық мәнерлеп...

Denis Ten Memorial Challenge қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді

Алматы 17.09.2026, 15:22 226
Denis Ten Memorial Challenge қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді

Осындай халықаралық жобалардың бірі – 2026 жылы Алматыда өтетін және ISU Challenger Series күнтізбесіне енетін Denis Ten Memorial Challenge турнирі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың өтуі біздің спортшыларға шетелдің мықты спортшылармен бірге өнер көрсетіп, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі Мейрамғазы Сапарғалиев осылай деді.

Оның айтуынша, мұндай жарыс жас спортшыларға өздерінің техникалық және психологиялық дайындығын бағалап, қарым-қабілетін екшеп, жарыстан тәжірибе алып, алдағы өтетін үлкен бәсекеге дайындалуға мүмкіндік береді.

«Жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі мәнерлеп сырғанаушылармен бір мұз айдынында өнер көрсеткені өте дұрыс. Мұндай жарыста бәсекелестік жоғары болып, оларға өз дайындығын пысықтап, қажетті тәжірибе жинап, біртіндеп үлкен халықаралық жарыска кәсіби тұрғыдан дайындалуға сеп болады», – дейді Мейрамғазы Сапарғалиев.

Denis Ten Memorial Challenge балалар мен жасөспірімдерді мәнерлеп сырғанауға тартып, спортшылардың жаңа буынын қалыптастырады. Алматыда 2019 жылдан бері өтетін жарыстың биыл VIII кезеңі өтеді.

Халықаралық турнир Қазақстанның спорттық байланысын дамыту үшін де керек. Әр елден спортшылардың, жаттықтырушылар мен мамандар отандық мәнерлеп сырғанаушылар үшін бәсекелестік орта қалыптастырып қана қоймай, кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Қазақстанда халықаралық жарыс өткізу басқа елдермен спорттық байланысты нығайтып, еліміздің спорттық инфрақұрылымы мен жарысты ұйымдастыру мүмкіндігін көрсетуге жағдай жасайды. Спортшылар, жаттықтырушылар мен мамандар үшін бұл тәжірибе алмасып, спортшыларды даярлаудың жаңа тәсілімен танысатын алаң», – деді спикер.

Спикер атап өткендей, мәнерлеп сырғанауды дамыту қысқы спорт түрлерін жүйелі түрде дамыту жұмысының бір бөлігі саналады. Негізгі бағыттың қатарында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, талантты спортшыларды анықтау мен даярлау, жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін арттыру, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру мен қазақстандық спортшылардың халықаралық жарысқа тұрақты қатысуын қамтамасыз ету бар.

«Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін кешенді тәсіл қажет. Дарынды балаларды дер кезінде анықтап, жаттықтырушылардың біліктілігін арттырып, қажетті спорттық инфрақұрылымды дамытып, спортшыларға тұрақты халықаралық тәжірибе беру керек. Бұл бағыттың барлығы өзара байланысып, жүйелі түрде дамуы тиіс», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда тікелей өткізілетін халықаралық жарыстар спортшыларға ғана емес, жаттықтырушылар мен төрешілерге де қосымша мүмкіндік береді. Олар халықаралық талаппен танысып, мәнерлеп сырғанаудағы замандық үрдісті бақылап, отандық мамандардың дайындық деңгейін бағалауға жағдай жасайды.

2026 жылы Denis Ten Memorial Challenge 7-10 қазан аралығында Алматыдағы Halyk Arena-да өтеді. Жарысқа 25-тен астам елден 150-ге жуық спортшы қатысады. Турнир 2026/27 маусымындағы ISU Challenger Series халықаралық сериясының VIII кезеңі болады.

Жарыс тарихында Денис Теннің есімі ерекше орын алады. Ол олимпиада медалін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілінің айтуынша, оның есімімен аталған халықаралық турнирді өткізу спортшының есімін ұлықтап қана қоймай, бұл спорттық алаңды Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды одан әрі дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Denis Ten Memorial Challenge – Денис Тенді еске алуға арналған турнир ғана емес. Бұл – жас спортшылардың шеберлігін арттыруға, халықаралық тәжірибе жинақтап, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың жаңа буынын даярлауға мүмкіндік беретін халықаралық алаң», – деді Мейрамғазы Сапарғалиев.

Спикер мәнерлеп сырғанау мен қысқы спорт түрлері саласындағы алдағы міндеттің қатарында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, болашағы зор спортшыларды анықтау, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру мен қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға жүйелі түрде қатысуын қамтамасыз етуді атады.

«Біздің басты міндетіміз – осындай халықаралық жарыстардың мүмкіндіктерін тек спортшылардың жаңа буынын даярлауға, олардың кәсіби тұрғыдан одан әрі өсуіне және халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасау үшін ғана емес, спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін де тиімді пайдалану. Ірі халықаралық турнирлерді өткізу қолданыстағы нысандарды халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалауға, оларды жаңғыртудың қажетті бағыттарын анықтап, ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдай алатын заманадық инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);