Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дембель

Дембель

Әлеумет 14.11.2024, 10:17 1,289
Дембель
Ұлттық ұлан

Сарбаздар үйлеріне жол тартты

Отан алдындағы әскери борышын өтеу – әрбір ердің азаматтық борышы. Ұлттық ұланның Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімі бір жыл бойы әскери қызметін өтеген сарбаздарды әскери міндеттіліктен босатып, отбасыларына салтанатты түрде шығарып салды.

Аталған әскери бөлімде 2023 жылдың екінші шақырылымы бойынша өзге облыстардан келген 600-ден астам жауынгер Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарды.

– Сіздер өз міндеттеріңізді адал орындап, батылдық таныттыңыздар, әскери қызметтің барлық ауыртпалығын табандылықпен көтердіңіздер. Еліміздің алға ұстаса – айбары, қолға ұстаса найзасы сіздерсіздер! Осы әскери өмірден алған тәлім-тәрбиелеріңіз алдағы азаматтық өмірлеріңізге септігін тигізетініне сенімдімін, – деді бригада командирі полковник Мақсат Баймағұлов.

Бұл күні жауынгерлер үшін өз үйіндей болып кеткен казарманың алдындағы алаңға әскери бөлімнің барлық жеке құрамы салтанатты сап түзеп, іс-шараға толық қатысты. Сап түзеген алаңның алдыңғы шебінің қарсы бетіндегі мінберде әскери бөлімде ұзақ жыл еңбек етіп зейнетке шыққан азаматтар да тұрды. Олардың барлығы да өз үйлеріне аттанғалы тұрған сарбаздарға сәт-сапар тілеп, ақжолтай ниеттерін жаудырды.

Сонымен қатар, Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіпті қадағалау қызметінде Полиция департаментінің өкілдерімен тізе қоса еңбек ететіндіктен, құқық қорғау органдарының жетекшілері де қызмет барысында өзін үлгілі етіп көрсеткен сарбаздарды марапаттауға келген болатын. 

Атап айтқанда, қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында айрықша қырағылығымен көзге түскен сарбаздарға қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев пен бөлім командирі полоквник Мақсат Баймағұловтың атынан Алғыс хат, командирлік сағат сынды бағалы сыйлықтар және әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік туы жанында естелікке түскен суреттері табыс етілді.

Сондай-ақ, жиын аясында ардагерлер атынан сөз алған запастағы майор Берік Алмағамбетов жалынды тілегін жеткізіп, қызметінде біліктілігімен ерекше көзге түскен жауынгерлерге «Отан қорғаушының анасы» төс белгісін табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #сарбаз #Отан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.