ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Демалыс күндері ковид дертінің алдын алу үшін алма...

Демалыс күндері ковид дертінің алдын алу үшін алматылықтарды вакциналануға шақырды

Әлеумет 23.12.2021, 07:12 1,007
Демалыс күндері ковид дертінің алдын алу үшін алматылықтарды вакциналануға шақырды
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеп, пандемия кезінде жаңа жылдық демалысты қалай өткізу керектігі жөнінде ұсыныстар...

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеп, пандемия кезінде жаңа жылдық демалысты қалай өткізу керектігі жөнінде ұсыныстар берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Жаңажылдық мерекелер мен демалыстар коронавирус ауруының өршуіне әкелмеуі тиіс, деп мәлімдеді Л. Жылқыбаева. Ол алматылықтарды вакциналау қарқынын арттыруға шақырды.


Айта кетсек, Алматы мектептерінде қысқы демалыс 2021 жылдың 30 желтоқсанынан басталып, 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады. Мектепалды даярлық сынып оқушылары мен бірінші сынып оқушыларында қыста қосымша 7 күн каникул болады – 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында.


Колледж студенттері үшін 10 қаңтардан бастап әр түрлі уақытта екі апталық қысқы демалыс қарастырылған.


«Білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Барлық балабақшалар, мектептер мен колледждер Ashyq жобасына қосылған және қажетті мөлшерде дезинфекциялық және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген», - деді ведомство басшысы.


Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, мерекелер мен демалыстар сырқаттанушылықтың жаңа кезеңіне әкелмеуі ерекше маңызды.


Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Алматы қаласы білім басқармасының басшысы қазіргі уақытта барлық мектепке дейінгі ұйымдар 20-25 баладан тұратын топтардың 100% толу режимінде жұмыс істейтінін, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталатынын хабарлады. Балабақшалардың барлық қызметкерлері медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерден басқа егілді (6225 адам вакцина алды).



«Балабақшалар жыл бойы жұмыс істейтінін ескере отырып, қысқы мерекелер қарсаңында біз ата-аналар арасында балаларды бақылау қажеттілігі және олардың денсаулық жағдайы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтеміз. Барлық балабақшаларда таңертеңгі сүзгі жұмыс істейді, ауру және ЖРВИ белгілері бар балалар топтарға жіберілмейді», - деп толықтырды Ләззат Жылқыбаева.



Жыл басынан бері балабақшаларда 122 бала COVID-19-бен ауырды. Ауру балалар анықталған топтарда екі апталық карантин жарияланды.


Ләззат Жылқыбаева мектептердегі жағдай туралы да айтып берді. Ол атап өткендей, бүгінде оқушылардың 95%-ы офлайн (287 955 адам) және 5%-ы онлайн оқиды. Күн сайын қашықтықтан оқыту форматында 15 155 оқушы білім алады.


Оқу жылы басталғаннан бері 3869 оқушы коронавируспен ауырды, олардың 2376-ы офлайн оқыды. Науқастар қашықтан оқытуға көшірілді.


Спикер қаланың барлық мектептерінде температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету, кварцтау, ылғалды жинау режимдерін сақтауды қоса алғанда, санитарлық талаптардың сақталуына тұрақты бақылау жүзеге асырылатынын хабарлады. Мектеп қызметкерлері де 100% вакциналанды (19 837 адам екпе алды).

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,306 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.