Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Декларация тапсырудан жалтарған мемлекеттік қызмет...

Декларация тапсырудан жалтарған мемлекеттік қызметкерлер

Әлеумет 21.12.2022, 09:00 892
Декларация тапсырудан жалтарған мемлекеттік қызметкерлер
Сурет: Rikatv.kz

39 мың факт анықталған.


Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәліновтің айтуынша, қызметкерлер арасында 2021 жылғы табыс декларациясын тапсырудан жалтарудың 39 мың фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстанда жалпыға бірдей табыс декларациясын кезең-кезеңімен енгізуге шешім қабылданған болатын. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер 2021 жылғы есебін тапсыруға міндетті.



«570 мыңнан астам декларация түсті. Алайда декларацияны тапсырмау фактілері де болды. Ондай адамдардың саны 39 мың болған. Барлығына тиісті ескертулер жіберілген. Соның нәтижесінде 10 мың адам табыс декларациясын тапсырды», - деді Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Оның айтуынша, қазіргі кезде қалған 29 мың адамның декларацияны не себепті тапсырмағаны анықталып жатыр. Олар да түсініктеме беруі тиіс. Табыс декларациясын тапсырмаған мемлекеттік қызметкерлердің арасында жұмыстан шығып кеткен адамадар да болуы мүмкін. Бірақ олар туралы мәліметтер комитетте қала береді.



«Айыппұлдар салынбаған, барлығына ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды», – деп атап көрсетті Жанәлінов.



Айта кетері, табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру шаралары мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларынан басталған. 2023 жылы мемлекеттік кәсіпорындарда (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) істейтін қызметкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#декларация #табыс #факт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.