AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ДДҰ маймыл шешегі 50 елде барын анықтады

ДДҰ маймыл шешегі 50 елде барын анықтады

Әлем 28.06.2022, 06:46 1,253
ДДҰ маймыл шешегі 50 елде барын анықтады
Сурет: Dw.com

Маймыл шешегі инфекциясын жұқтырғандардың саны 3413 адамға жеткен.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2022 жылдың басынан бері 50 елде 3413 адамның маймыл шешегі инфекциясын жұқтырғанын және бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат берді. Бұл туралы сейсенбіде Женевада жарияланған ДДСҰ ақпараттық бюллетенінде жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 



«2022 жылдың 1 қаңтары мен 22 маусымы аралығында ДДСҰ-ға ұйымның бес аймағында орналасқан 50 ел мен аумақтан маймыл шешегін жұқтырудың 3 413 жағдайы және осы дерттен бір адамның қайтыс болғаны хабарланды», - деп атап өтті ұйымнан.



Алдыңғы ақпараттық бюллетень 17 маусымда жарияланғаннан бері сегіз елде инфекцияға шалдығудың 1310 жаңа жағдайы анықталған. Маймыл шешегімен ауыратындардың көпшілігі (86%) Еуропалық аймақта тіркелді. Одан кейін тізімде Америка (11%), Африка (2%), Шығыс Жерорта теңізі (1%-дан аз) және Азия-Тынық мұхиты (1%-дан аз) тұр. Елдердің ішінде ауруға шалдығудың ең көп жағдайы Ұлыбританияда тіркелді, онда 793 адам маймыл шешегіне шалдыққан. Сонымен қатар ең көп науқастар саны жағынан Германия (521), Испания (520), Португалия (317), Франция (277), Нидерланды (167) және АҚШ (142) тіркелді. Қалған 43 мемлекет пен аумақта ауруға шалдығу жағдайларының саны 100-ден аспайды.


Әзірге вирустан қайтыс болуы жағдайы Нигерияда ғана тіркелді. ДДСҰ эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылауда. Ұйым аурудың жаһандық таралу қаупін орташа деп бағалап отыр. Ұйымның маймыл шешегі жөніндегі комитеті 23 маусымда Женевада өткен отырысында індет халықаралық деңгейде алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай емес деген қорытындыға келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маймыл шешегі #оспа #ВОЗ #ДДҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);