Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ДДСҰ жаңа аурулар шығара ма?

ДДСҰ жаңа аурулар шығара ма?

Әлеумет 23.10.2023, 11:18 1,192
ДДСҰ жаңа аурулар шығара ма?
almaty-akshamy.kz

Instagram-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  қажет болған жағдайда жаңа аурулар шығарады деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


ДДСҰ 10 жыл бойы пандемия ұйымдастырады дегенге сенуге негіз жоқ. 2023 жылдың 5 мамырында ұйым COVID-19 енді денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай емес екенін ресми түрде жариялады. Содан бері ешқандай жаңа пандемия жарияланған жоқ, сондай-ақ ғалымдар осы кезеңде бұрын белгісіз болған ауруларды таппаған.


Постта айтылып отырған ДДСҰ-ның 10 жылдық жоспары «Пандемиялық және эпидемиялық әлеуеті бар патогендерді геномдық бақылаудың жаһандық стратегиясы, 2022-2032 жж.» деп аталады. Бұл құжат баршаға қол жетімді және кез келген адам онымен таныса алады. Онда 10 жыл бойы пандемия ұйымдастыру туралы сөз жоқ. Керісінше, жоспарда бұрыннан белгілі патогендерді бақылау және оны күшейтуді және олардың жаһандық таралу қаупі болған жағдайда шұғыл әрекет ету қарастырылған. 



Тараған постта пайдаланушылар голландиялық вирусолог Марион Купманстың сөзіне сүйенеді, алайда ол ДДСҰ пандемиялар ұйымдастырады деп мәлімдемеген. Оның мұндай дәйексөздері онлайн БАҚ-та да, ашық қол жетімді бейнематериалдарда да табылған жоқ.


2020 жылы ол әлемде COVID-19 сияқты аурулардың жаңа ошақтары боулы ықтимал деп айтқан.  Алайда, бұл осы ошақтарды ДДСҰ тудырады немесе қоздырғыштар қасақана жасалады дегенді білдірмейді.


Демек, таралған ақпараттағы негізгі мәлімдемелердің бәрі жалған. ДДСҰ пандемия ұйымдастырмайды, ұйымның 10 жылдық жоспарында бұл туралы айтылмаған, ал вирусолог Марион Купманс бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дансаулық #Пандемия #эпидемия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.