ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Дауыс беру - баршамызға маңызды

Дауыс беру - баршамызға маңызды

Сайлау-2023 19.03.2023, 07:56 744
Дауыс беру - баршамызға маңызды
almaty-akshamy.kz
Медина Мирзоева, «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы:

Медина Мирзоева, «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы:


 – Мен соңғы тоғыз жылдан бері Жетісу ауданындағы №496 сайлау учаскесінде комиссия мүшесі болып жұмыс істеймін. Еліміздегі талай маңызды оқиғалардың куәсі болдым. Өзім Медеу ауданының тұрғыны болсам да, жұмыс орныма байланысты Жетісу ауданындағы сайлау учаскесіне ауыстым. Осы жерде өз дауысымды бердім. Біздің елде сайлау әділетті өтеді деп нақты айта аламын. Қазақстан Республикасының патриот азаматы, қоғам белсендісі ретінде барша отандасымды сайлауға атсалысуға шақырамын.


Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері 8-інші рет Парламент сайлауы өткізіліп отыр. 2023 жылдың 19 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің төменгі палатасы және барлық деңгейдегі мәслихатты таратты. Кезектен тыс сайлау дауыс беру жүйесінің реформасы аясында бүгінге, яғни 19 наурызға белгіленді. 2022 жылдың 19 маусымында өткен референдумда қабылданған бірқатар конституциялық түзетулерге сәйкес Қазақстан араға 19 жыл салып, аралас сайлау жүйесіне оралды. 


Көптеген беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, Қазақстан еркін және әділетті сайлау өткізу бойынша өзіне алған барлық міндеттемелерді берік ұстанады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік институттарын жаңартудың соңғы кезеңі Мәжіліс пен мәслихат сайлауы екенін айтқан болатын. Мұндағы басты міндет – елдің даму жолында жаңа бастамаларды ұсыну және оларды тиімді іске асыру. Президент айтқандай, сайлаудан кейін елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жұмыстар қарқын ала түседі.


Болашақта Қазақстан шын мәнінде үлкен саяси либерализацияға ұмтылатынына, анағұрлым күшті Парламент құратынына сенемін. Президент Тоқаев ұсынған реформалардың болашағы зор. Бұл шын мәнінде көппартиялық жүйені құру үшін берік негіз бола алады, қадағалаудың тиімді тетіктерін енгізуге және Қазақстан Үкіметінің әртүрлі деңгейлерінде есептілікті арттыруға көмектесе алады деп ойлаймын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.