AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дәурен Абаев Халықаралық туризм және меймандостық...

Дәурен Абаев Халықаралық туризм және меймандостық университетінің мүмкіндігі туралы айтты

Әлеумет 28.02.2022, 06:00 1,466
Дәурен Абаев Халықаралық туризм және меймандостық университетінің мүмкіндігі туралы айтты
Сурет: Aigak.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында елдегі туризм саласын дамыту жайы қозғалды


Түркістан қаласында бейінді Халықаралық туризм және меймандостық университеті базасында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу мүмкіндіктері қарастырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпартқа сілтеме жасап. 



«Біз 2025 жылға қарай туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында халықтың жұмыспен қамтылуына жол ашатын турбизнес қызметін жандандыру да осыған ықпал етеді. Бұл білікті кадрларға деген сұранысты арттырады», - деді Д. Абаев.



Осы орайда ол 2020 жылдан бастап Түркістан қаласында бейінді Халықаралық туризм және меймандостық университеті жұмыс істей бастағанын, онда 7 бағыт бойынша 1 300-ден астам студент оқитынын еске салды.



«Университет 2021 жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО) Бас Ассамблеясының аккредиттелген мүшесі болды. Түркия, Франция, Португалия, Австрия, Венгрия және басқа елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылды. Бүгінде университет дуальды білім беруді табысты жүзеге асыру арқылы халықаралық озық тәжірибе алмасатын салалық хабқа айналып келеді. Қазір университет жанынан ЮНВТО академиясын ашу, сондай-ақ, ЮНЕСКО ғылыми-зерттеу орталығын құру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ университет базасында меймандостық саласы бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу мүмкіндіктері қарастырылуда», - деді министр.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Туризм саласы #университет мүмкіндіктері #үкімет сағаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);