AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Даулы видеодан кейін желі қолданушылары көкпар ойы...

Даулы видеодан кейін желі қолданушылары көкпар ойынын шектеуді талап етті: Федерация не дейді?

Заң мен тəртіп 01.10.2025, 15:27 570 Дина
Даулы видеодан кейін желі қолданушылары көкпар ойынын шектеуді талап етті: Федерация не дейді?
сурет: видео кадры

Алматы облысында болған көкпар ойыны кезінде түсірілген қанды видео әлеуметтік желіде резонанс тудырды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Видеода көкпар ойыны кезінде аттың ауызынан қан ағып жатқан сәт көрінеді. Бұл кадрлардан кейін көптеген қолданушы көкпарды «қатыгез спорт» деп атап, оны мүлде тоқтатуды талап етіп жатыр.

Не болды?

Оқиға Қарасай ауданындағы ат клубтарының бірінде болған. Желіде тараған видеодан кейін адамдар Ішкі істер министрлігіне e-Otinish порталы арқылы жаппай шағым түсірді. Сонымен қатар, аталған клубтың 2ГИС қосымшасына желі қолданушылары теріс пікірлер жаудырды.  Клубтың рейтингі  4,9 жұлдыздан 1,3-ке дейін төмендеді. Клуб өкілдері жарақаттың ауыр еместігін айтып, «көргендерге жай шамадан тыс көрінді» деп түсіндірді.

сурет: желіден

Федерацияның жауабы

Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Ходжаназаров оқиғаға аттың дұрыс дайындалмауы мен жабдықтың талапқа сай болмауы себеп болғанын айтты.

"Мұндай жарақаттар көбіне дайындықтың дұрыс жүргізілмеуі мен жабдық сапасының төмендігінен болады. Бұл тек көкпарға тән емес, өзге ат спорты түрлерінде де кездеседі. Сондықтан бүкіл көкпарды айыптау дұрыс емес, нақты жағдайды зерттеу керек", – деді ол.

Федерация басшысы көптеген бейресми жарыстар ережені сақтамай өткізілетінін атап өтті:

"Біз мұндай оқиғаларды мұқият тергеп, ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылуы керек деп санаймыз" деді ол.

Айдарбек Ходжаназаров федерация қауіпсіздік стандарттарын жаңартып жатқанын және көкпарды барынша қауіпсіз етуге күш салатынын жеткізді:

"Көкпар - ұлттық спорт және мәдениетіміздің бір бөлігі. Міндетіміз - дәстүрді сақтай отырып, ойындарды заманауи әрі қауіпсіз ету", - деп қосты маман.

Тергеу жүріп жатыр

Алматы облыстық полиция департаменті бұл жағдай бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көкпар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);