AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Дәулет Шөңкенің "Ізім өшпесін" атты кітабының тұса...

Дәулет Шөңкенің "Ізім өшпесін" атты кітабының тұсаукесері өтті

Білім және ғылым 25.02.2026, 15:28 477
Дәулет Шөңкенің "Ізім өшпесін" атты кітабының тұсаукесері өтті
Автордан

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қабырғасында Дәулет Ізбасарұлы Шөңкенің «Ізім өшпесін» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кеш – бір адамның ғұмыр жолына жасалған байыпты көзқарас, өмірлік ізденіс пен азаматтық толғаныстың нәтижесі іспетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Адам белгілі бір жасқа жеткенде өткеніне көз салып, «Мен кіммін? Қайдан шықтым? Артымда не қалды?» деген сауалдарға жауап іздейді. Көпшілік бұл ойларды іштей түйгенімен, күнделікті тіршіліктің ағынына қайта енгенде мән бермей кетеді. Ал Дәулет Ізбасарұлы сол сауалдардың жетегінде қалмай, қолына қалам алып, өмірін таразылаған еңбек жазды. Бұл – екінің бірінің тәуекел ете бермейтін, жауапкершілігі мол қадам.

Мамандығы мал шаруашылығы саласымен байланысты болғанымен, автор бір ғана кәсіби шеңберде шектеліп қалмаған. Ол өз тегіне үңіліп, ата-бабасының тарихын жинақтап, әулет шежіресін хатқа түсірген. Бұл – өткенге деген құрметтің, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Кітаптағы ерекше әсер қалдыратын тұстардың бірі – автордың отыз жастан асқан шағында ағылшын тілін меңгеруі. Көпшілік бұл кезеңді «кеш» санаса, Дәулет Ізбасарұлы үшін бұл жаңа белеске бастар жол болды. Соның нәтижесінде АҚШ-пен тікелей байланыс орнатып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға нақты үлес қосты. Санта-гертруда, ангус, герефорд тұқымдарын елге әкелу – сол кезең үшін үлкен тәуекел мен табанды еңбектің жемісі еді. Бұл – құр сөз емес, нақты нәтижемен дәлелденген іс.

«Ізім өшпесін» кітабы кәсіби жетістіктерді тізбелеумен шектелмейді. Онда адамның тамыры бар: кіндік қаны тамған жері, ата-анасы, бауырлары, достары, курстастары, отбасы, шәкірттері барлығы қамтылған. Сондықтан бұл еңбек – бір адамның ғана емес, тұтас бір кезеңнің шежіресі деуге толық негіз бар.

Кітаптың таныстырылым кешіне автордың курстастары, достары, туыстары, балалары, студенттері жиналды. Қадірлі қонақтар қатарында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Халықаралық ПЕН-клубтың лауреаты Бигелді Ғабдуллин, Жамбыл облысының экс-әкімі, елші Бөрібай Жексембин, публицист-жазушы Марат Тоқашбай болды.

Кешті белгілі дәрігер, профессор Қапан Тұрсынов жоғары деңгейде жүргізіп, басқосудың мазмұнын аша түсті.

Жиналған қауымның тілегі ортақ болды: бұл еңбек өз оқырманын тауып, ой салсын, сананы серпілтсін. Өйткені, «Ізім өшпесін» – бір адамның өмірбаянын ғана баяндап тұрған жоқ, керісінше, адал еңбекке, үздіксіз ізденіске, туған тамырын тануға үндейтін тағылымды туынды болғаны қуантады. Мұндай кітаптар уақыт өте келе жеке автордың емес, тұтас бір буынның рухани таразысына айналады.

Досбол Атажан

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);