Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Дәстүр даналығы» атты кітап жарық көрді

«Дәстүр даналығы» атты кітап жарық көрді

Әлеумет 21.02.2023, 14:29 1,219
«Дәстүр даналығы» атты кітап жарық көрді
Сурет: Ашық дереккөз

Қаламгер осы еңбекті жазуға екі жыл тер төккен


Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар алаңында бұқаралық ақпарат өкілдеріне "Дәстүр даналығы" кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кітаптың авторы - Жетісу облысының  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы, журналист, жазушы Ләйлім Әубәкірова. Қаламгер осы еңбекті жазуға екі жыл тер төккенін айтты. Бүгінде оның 3000 данасы шықты.


Кітапта, негізінен, қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы болған салт-дәстүр  мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтылған. Онда бала тәрбиесінен бастап, отбасылық, достық, ағайындық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына арқау болған қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс тапқан. 



«Айтулы этнографтардың жинақтары мен кітаптарын негізге алып, зерттеушілердің  пікіріне сүйеніп, салт-дәстүрдің озық түрлерінің қазіргі заманда ұрпақ тәрбиесіне әсері, сондай-ақ, қоғамда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары талданды. Жалпы қазақ дәстүрінен халықтың мінез-құлқын, болмысы мен дүниетанымын, мәдениеті, тілі  мен дінін, өмір сүру жолын байқауға болады. Сондықтан жалпы қауымға ұлттың алтын діңгегі  – құндылығын,  тәрбиелік түп-тамырын түсіндіру, дәріптеу мақсатында ұсынылған кітап деп айта аламын», – деп атап өтті Л.Ахметжанқызы.



Жаңа кітап облыстың барлық негізгі кітапханаларына жеткізілді. Сондай-ақ кітапсүйер оқырман "Дәстүр даналығын" электронды форматта да оқи алады. Ол үшін Google іздеу жүйесінде кітаптың атын теру жеткілікті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәстүр #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.