ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Дәрумендерге бай тағамдарды тұтыныңыз

Дәрумендерге бай тағамдарды тұтыныңыз

Керек кеңес 20.12.2024, 11:59 832
Дәрумендерге бай тағамдарды тұтыныңыз
longavitas.ru
Күзгі-қысқы кезеңде жедел респираторлық инфекциялардың, соның ішінде пневмонияның даму қаупі артады. Пневмония – барлық жастағы адамдар зардап шегетін тыныс алу жолдарының ең қауіпті ауруларының...

Күзгі-қысқы кезеңде жедел респираторлық инфекциялардың, соның ішінде пневмонияның даму қаупі артады. Пневмония – барлық жастағы адамдар зардап шегетін тыныс алу жолдарының ең қауіпті ауруларының бірі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан 9 ай ішінде елімізде 76 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Пневмония – өкпенің тыныс алу жолдарының ошақты зақымдануымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру. Ауру негізінен жөтел, қақырық, әлсіздік, ентігу симптомдарымен қатар,  дене қызуының жоғарылауынан басталады. 

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімінің пульмонолог дәрігері Аида Жәділдің айтуынша, пациенттердің кейбірінде, әсіресе егде жастағы адамдарда пневмонияға тән шағымдар мен физикалық белгілер болмауы мүмкін, интоксикация синдромы басым болады. Яғни, пневмонияның атипті түрі дене қызуы көтерілмей, қан көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгеріс болмай, интоксикация салдарынан бас ауруы, бұлшықет немесе тамақ ауырып құрғақ жөтелмен қатар жүруі мүмкін. 

55 жастағы пациентте тамағы жыбырлап, құрғақ жөтел пайда болған. Науқас мұны салқындаумен байланыстырады. 10 күн бойы ол өзін-өзі емдеп, парацетамол, аскорбин қышқылын қабылдаған, бірақ өздігінен қабылдаған емі  әсер етпеген. Жағдайы күн сайын нашарлап, жалпы және бұлшықет әлсіздігі күшейе түскен. Ауру басталғаннан екі апта өткен соң науқас стационарға түсті. Кеуде қуысының компьютерлік томографиясын жүргізу кезінде екі жақты төменгі үлесті пневмония анықталды. Зертханалық зерттеулерде лейкоциттердің шамалы жоғарылауы, СОЭ жылдамдығы анықталды. Кешенді емдеуден кейін науқастың жағдайы жақсарды.

«Егер уақытылы диагноз қойып, терапияны кешіктірмей бастаса,  пневмония емделеді. Пневмония адамның денсаулығы мен өміріне, әсіресе осал санаттағы адамдарға әсер етуі мүмкін. Алдын алу және уақытылы медициналық көмекке жүгіну асқынулардың алдын алуға және өлім-жітім деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралыңыз, жаман әдеттерден бас тартыңыз, тұмау мен пневмококкқа қарсы вакцинациядан өтіңіз. Дәрумендерге бай тағамдарды тұтыныңыз, физикалық белсенділікпен айналысыңыз және ұйқыңызды қадағалаңыз», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімінің пульмонолог-дәрігері Аида Жәділ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.