AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Darknet–тегі криптосервис жабылды: миллиардтаған т...

Darknet–тегі криптосервис жабылды: миллиардтаған теңге бұғатталды

Заң мен тəртіп 02.10.2025, 10:26 935
Darknet–тегі криптосервис жабылды: миллиардтаған теңге бұғатталды
depositphotos.com

Қаржы мониторингі агенттігінің блокчейн-тексеруі нәтижесінде есірткі саудасы мен интернет-алаяқтықтан түскен қылмыстық кірістерді цифрлық валюта арқылы жылыстатқан ірі криптоайырбастау сервисі анықталып, қызметі толық тоқтатылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Қызметке тиесілі 67 әмиян бұғатталып, 9,7 млн USDT (шамамен 5,2 млрд теңге) көлеміндегі актив уақытша тоқтатылды.

Агенттіктің блокчейн-мониторингі барысында анықталған сервис Darknet–тің 20 ірі нарығымен, соның ішінде беделді 5 миллионнан астам қолданушысы бар платформалармен байланыста болған.

Кейінгі үш жылда бұлсервис арқылы ТМД елдеріндегі (Қазақстан, Ресей, Украина, Молдова) 200-ден астам есірткі дүкенінің заңсыз кірістері жылысталғаны анықталды.

Платформаның жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асты.

Тергеу барысында 4 000-нан астам криптовалюта әмияны тексерілді; зерттеу нәтижесінде қылмыстық кірістер сақталған әмияндар анықталды.

Қолға алынған шаралар нәтижесінде 67 әмиян бұғатталып, 9,7 млн USDT (5,2 млрд теңге) цифрлық активтер уақытша тоқтатылды.

Сервис толықтай өз қызметін тоқтатты: әлеуметтік желідегі аккаунттары жойылды, клиенттерге қызмет көрсетуі тоқтатылды.

Darknet-тегі мамандандырылған форумдарда есірткі дүкендері тарапынан қаржылық міндеттемелердің орындалмауына байланысты жаппай шағымдар тіркеліп жатыр. 

Тергеу және салдары

Қызмет ұйымдастырушыларын анықтау бойынша белсенді тергеу жүргізілі жатыр.

Қабылданған шаралар есірткі бизнесінің көлеңкелі инфрақұрылымына елеулі экономикалық соққы берді: жеткізу тізбектерінің логистикасы бұзылып, нарық айналымы азайды және тұтынушылардың заңсыз платформаларға деген сенімі төмендеді.

Агенттік цифрлық құралдарды пайдалану арқылы қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларын тоқтату жұмыстарын одан әрі жалғастыратынын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қма #Darknet
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);