Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дәрілік заттарды таңбалаудағы ең жиі кездесетін 5...

Дәрілік заттарды таңбалаудағы ең жиі кездесетін 5 қате

Әлеумет 26.09.2024, 11:36 1,593
Дәрілік заттарды таңбалаудағы ең жиі кездесетін 5 қате
Сурет: Pharmprom.ru

Негізі тауарларды таңбалау – қиын емес процесс. Бірақ өндіріс аумағында оны тасымалдау кезінде кодтардың зақымдалмауын немесе уақыт өте келе өшіп кетпеуі үшін бірқатар талаптарды сақтау қажет, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүгін біз дәрі-дәрмектерді таңбалау кезінде жіберілетін ең жиі кездесетін бес қателікке тоқталып, болашақта осындай олқылықтарға жол бермеу мақсатында назарларыңызға ұсынамыз.

Тауардың сериясы мен жарамдылық мерзімі

Кейде дәрілік заттарды айналымға шығарушылар (УОЛС) таңбалау және қадағалау жүйесінде есеп беру құжатын толтыру кезінде серия, партия немесе жарамдылық мерзімі туралы мәліметтерді қате көрсетеді. Жарамдылық мерзімі өрісін толтырғанда, айдың соңғы күнін көрсету қажет, сондай-ақ дәрілік заттың серия нөмірін мұқият және дұрыс көрсету керек. Құжаттарға енгізілген деректер қадағалау жүйесінде көрсетіледі және өзгертілмейді.

Таңбалау стикерлерінің басылу сапасы

Таңбалау стикерлерін дұрыс басып шығару үшін техникалық шарттарды сақтау қажет. Басып шығару кезінде қателерді түзету әдісі – ЕСС-200 қолданылуы керек. Бұл әдіс DataMatrix кодынан ақпараттың 30%-ы зақымдалса да, оны қалпына келтіруге мүмкіндік береді. DataMatrix басып шығару сапасы арнайы оқылатын жүйеге байланысты, ол А (жоғары) мен F (ақаулы) аралығындағы бес деңгейге бөлінеді. Міндетті талап – басып шығару сапасы кем дегенде С деңгейінен төмен болмауы керек. Басып шығару деңгейі төмен болған жағдайда, таңбалау кодын оқу кезінде қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.

«Барлық дәрі-дәрмектер зауытта таңбаланады, ол үшін қажетті барлық ресурстар – басып шығару, таңбалау бар. Сонымен қатар, бізде кеден қоймасы бар, онда біз тамыз айынан бастап жаңа тауарларды ала бастадық. Таңбалау жүйесі жұмыс істеп тұр, оны түсіну оңай», - дейді «Альпен Фарма» ЖШС маркетинг-менеджері Станислав Ким.

Стикерлерді орналастыру

Таңбалау қатысушылары стикерлерді тауар қаптамасына дұрыс орналастыруға мән беруі керек. Код бар стикерді орналастырған кезде, дәрілік заттың атауы немесе дозасы сияқты маңызды ақпараттарды жауып тастамау қажет.

Тасымалдау қораптарын таңбалау

Тауарларды тасымалдауға арналған қаптамаға сәйкестендіру кодтарын қою кезінде, УОЛС кодты қораптың алдыңғы немесе бүйір жағына орналастыруды өздері шешеді. Мұндағы басты шарт – оператордың кодтарды жылдам және ыңғайлы сканерлеуін қамтамасыз ету.

Стандартты емес қаптамаларды таңбалау

Біртұтас таңбалау және тауарларды қадағалау операторы дәрілік препараттар банкаларының қақпағына кодты салмауды ұсынады, өйткені тасымалдау кезінде кодтар өшіп қалуы мүмкін. Жүктеу кезінде банкалар бір-біріне үйіліп қойылады, соның салдарынан олардың арасындағы үйкеліс кейбір кодтарды сканерлеу мүмкін еместігіне әкелуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектерді міндетті түрде таңбалау енгізілді. Қолданыстағы ережелерге сәйкес дәрі-дәрмектерді DataMatrix кодымен өндірушілер мен импорттаушылар таңбалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі #таңбалау #сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.