ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Дәрігерлерді сабау әдетке айналып барады

Дәрігерлерді сабау әдетке айналып барады

Заң мен тəртіп 22.09.2023, 05:33 1,061
Дәрігерлерді сабау әдетке айналып барады
Сурет: ашық дереккөз
Соңғы кездері дәрігерлерді ұру әдетке айналып барады

Соңғы кездері дәрігерлерді ұру әдетке айналып барады


Әлеуметтік желіде дәрігерді ұрған видеолар көбейіп барады. Күні кеше Талғарда ашуға бой берген азамат әкесінің өліміне ақ халатты жанды кінәлап, ұрып құлатты. Онымен қоймай, әкесінің мүрдесін алып кетті. Артынша, құқық қорғау органдары әрекет етіп, ашуға берілген азаматтың жауапқа тартылатыны туралы айтты. 
Ал бүгін Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде тағы да дәрігерді соққыға жыққан видео тарады. Бұл жолы дәрігерлер жиналып, ашуға берілген азаматты ұстап сабырға шақырды. Әзірге мән-жай белгісіз.  


Талай жанды өлімнен арашалап қалуға сеп болып жүрген осы сала мамандарына қатысты айтылатын сын да көп. Десек те, дәрігер де адам баласы. Олар күні-түні жұмыс істеп, мамандығына дақ түсірмеуге тырысып бағуда. Дүниені дүр сілкінткен пандемия кезінде дәрігердің бір жылы сөзіне зар болып едік. Енді міне, сол жандарға қол көтеруге барып жатырмыз. Неге? 


Естеріңізде болса, осы жылдың 28 сәуірінде Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары науқас адамның шақыртуы бойынша жолда кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне көпірде жеңіл көлік иесінің жол бермегенін анықтаған. Соның кесірінен жүргізушілер арасында жанжал туындап, жедел жәрдем қызметкері дене жарақатын алған болатын. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.