ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер 4 кг миоманы алып тастап, әйел өмірін қ...

Дәрігерлер 4 кг миоманы алып тастап, әйел өмірін құтқарып қалды

Медицина 10.10.2024, 09:42 1,346
Дәрігерлер 4 кг миоманы алып тастап, әйел өмірін құтқарып қалды
Сурет: ДСМ
Қонаев қаласындағы 35 жастағы әйел гемоглобиннің өте төмен деңгейімен ауыр жағдайда қалалық көпбейінді ауруханаға түскен.

Қонаев қаласындағы 35 жастағы әйел гемоглобиннің өте төмен деңгейімен ауыр жағдайда қалалық көпбейінді ауруханаға түскен.

Шұғыл емдеуге жатқызғаннан кейін дәрігерлер жатырдың үлкен миомасын анықтап, хирургиялық араласуды – лапаротомия мен консервативті миомэктомияны сәтті жүргізіп, салмағы 4 килограмм миоманы алып тастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Операция кезінде ағзаның өзін сақтай отырып, жатыр миомасының түйіндері алынып тасталады.

«Бұл диагнозды немқұрайлылықпен қабылдауға болмайды, өйткені жатыр миомасы ең көп таралған гинекологиялық аурулардың бірі болып табылады және үлкен мөлшерге жетуі мүмкін. Сонымен қатар, клиникалық көрініс пациенттің жасына, аурудың ұзақтығына, ісіктің орналасуы мен мөлшеріне байланысты және жатырдан қан кету, анемия, созылмалы ауырсыну синдромы, көрші ағзалардың қысылу синдромымен көрінуі мүмкін, бұл көбінесе жатыр миомасының көлемінің едәуір ұлғаюы кезінде кездеседі», - дейді пациенттің емдеуші дәрігері Әбдуәлиева Раушан Бекжанқызы.

Әйел қазіргі уақытта үйінде, дәрігерлерге алғысын білдіруде.

Жатырдың қабыну аурулары, гормоналды бұзылулар, аборттар, етеккірдің кеш басталуы, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, жүрек-қан тамырлары патологиясы бейімділік факторлары болуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.

Көбінесе ауру байқалмауы мүмкін. Осыған байланысты дәрігерлер мезгіл-мезгіл тексеруден өту, жағындыларды, соның ішінде цитологияны тапсыру, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикадан өту қажеттілігін еске салады. Сондай-ақ, дәрігерлер жылына кемінде бір рет жамбас, сүт бездерінің, қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуін жасап, гинекологқа қаралуды ұсынады.

Емдеуге жатқызу, операция және емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жүргізілді

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.