ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Дәрігер өкпенің созылмалы обструктивті ауруының қа...

Дәрігер өкпенің созылмалы обструктивті ауруының қаупі туралы айтты

Мұны білген жөн 13.11.2025, 13:47 402
Дәрігер өкпенің созылмалы обструктивті ауруының қаупі туралы айтты
сурет: автордан
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) - тыныс алу мүшелерінің ең кең таралған ауруы, сонымен қатар жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттен кейінгі әлем бойынша өлімнің үшінші себебі.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) - тыныс алу мүшелерінің ең кең таралған ауруы, сонымен қатар жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттен кейінгі әлем бойынша өлімнің үшінші себебі. 

ӨСОА-мен ауыратын науқастардың шамамен жартысында ауру уақтылы анықталмай, олар басқа диагноздармен: созылмалы бронхит, демікпе бойынша бақылауда болады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 2025 жылдың қазан айында елдің барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ӨСОА-ны ерте диагностикалау мен науқастарды басқару дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ спирометрия (ауруды анықтаудың негізгі әдісі) өткізу және нәтижесін түсіндіру сапасын арттыру бойынша оқыту семинарлары өтті. С.Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының деректері бойынша, қазіргі таңда ӨСОА диагнозымен 70 мыңнан астам науқас диспансерлік есепте тұр. Олардың 5–10%-і аурудың аса ауыр сатысында. Жыл сайын шамамен 20 мың жаңа жағдай тіркеледі. Көбінесе бұл ауру жасы үлкен, ұзақ жылдар бойы темекі шегетін ер адамдарда, сондай-ақ шаң мен түтінге кәсіби әсері бар адамдарда кездеседі. Осы жаста жиі байқалатын жүрек-қантамыр аурулары ӨСОА клиникалық көрінісін ауырлатады және ауру болжамына әсер етеді», — дейді профессор, м.ғ.д., Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші пульмонологы Сәуле Қасенова.

ӨСОА - бұл тыныс жолдары мен өкпе тінінің ингаляциялық зиянды бөлшектердің әсерінен дамитын созылмалы қабынуының салдары.

Аурудың негізгі белгісі - ентігу (демігу), ол уақыт өте келе күшейе түседі.

Ауыр түрінде науқас 100 метр жүргенде немесе тіпті киініп-шешінген кезде ентігеді. Бұл өмір сапасын төмендетіп, ұйқының бұзылуына әкеледі.

ӨСОА асқынуы ентігудің күшеюімен, іріңді қақырық бөлінетін жөтелдің қосылуымен байқалады. Асқыну қауіпті, себебі ол жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының нашарлауына, жүрек талмасына, инсультке, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің декомпенсациясына және аритмияға әкелуі мүмкін. ӨСОА әрбір асқынуы аурудың ағымын ауырлатып, өлім қаупін арттырады. ӨСОА мен жүрек-қантамыр ауруларының қатар болуы өмір сапасын төмендетіп, ауруханаға жатқызу жиілігін арттырады.

Асқынулардың алдын алу үшін не істеу керек? Қарапайым қадамдар: біртіндеп темекіден бас тарту, тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы егілу, тыныс алу жаттығуларын жасау, физикалық белсенділікті арттыру және жақсы көңіл күй сақтау.
Пульмонолог дәрігер ингаляциялық ем тағайындайды, ол тыныс алуды жеңілдетіп, ентігуді азайтады. Күн сайын бронх кеңейтетін дәрілерді қолдану аурумен күресуге көмектеседі.
Ауырмаңыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.