ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Дәрігер-нейрохирург: инсульт алған науқастың толық...

Дәрігер-нейрохирург: инсульт алған науқастың толық қалпына келу мүмкіндігі бар

Медицина 11.03.2025, 12:16 691
Дәрігер-нейрохирург: инсульт алған науқастың толық қалпына келу мүмкіндігі бар
Cурет: №4 қалалық клиникалық аурухана
Жіті ми қан айналымының бұзылуы (инсульт) кезінде механикалық тромбоэкстракция әдісін қолдану науқастың толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады.

Жіті ми қан айналымының бұзылуы (инсульт) кезінде механикалық тромбоэкстракция әдісін қолдану науқастың толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады.

 Бұл шағын инвазивті әдіс арқылы тромб алынып, «терапиялық терезені» кеңейтуге болады. Дәстүрлі тромболитикалық терапиямен салыстырғанда, бұл әдіс қайтымсыз асқыну қаупін азайтады. Мұндай оталар Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінде сәтті жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Тромбоэкстракция инсульт алған науқасқа толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді. Бұл жерде уақыт басты рөл атқарады: шағын инвазивті хирургиялық араласу неғұрлым ерте жасалса, толық қалпына келу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Біздің тәжірибемізде жақсы нәтиже бар - инсульт салдарынан сал болып қалған науқастар бірнеше күннен кейін өздігінен жүріп, сөйлей алды», - дейді №4 ҚКА нейрохирург дәрігері Алдонгар Айсаутов.

39 жастағы ер адам №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне сөйлеу қабілетінің бұзылуы, оң аяқ-қолының әлсіздігі және қос көріну сияқты инсульттің жіті белгілерімен түсті. Осылайша белгілері анықталғаннан бастап алты сағат ішінде нейрохирург мамандар механикалық тромбоэкстракция жасап, науқастың ми қызметін толық қалпына келтіре алды. Бір аптадан кейін ол неврологиялық асқынусыз ауруханадан үйге шығарылды.

«Невролог, нейрохирург және реаниматолог дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында механикалық тромбоэкстракция өмірді құтқару стандартының біріне айналып келеді. Бұл әдіс көптеген науқастың мүгедектікке ұшырауының алдын алып, қалыпты өмірге оралуына көмектеседі», – деп атап өтті №4 ҚКА Инсульт орталығының меңгерушісі Динара Мухангалиева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.