ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Дәрігер: Алматыда Pfizer вакцинасын алуға ниет біл...

Дәрігер: Алматыда Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірушілер көп

Медицина 24.11.2021, 09:02 1,328
Дәрігер: Алматыда Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірушілер көп
Сурет: Іndustrywired.com
Алматыда Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірушілер саны артуда

Алматыда Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірушілер саны артуда


Бұл туралы №7 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбол Жұмабеков брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап


Спикердің сөзінше, Алматыда күн сайын 132 вакцинация пункті, оның ішінде №7 қалалық емхананың екпе салу бөлмесі жұмыс істейді.



«Біз вакциналаудың жақсы қарқынына жеттік. Жалпы, жасөспірімдердің, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың белсенділігі қуантады. Науқан басталғаннан бері біздің емханада 324 адам екпе алды, оның ішінде 11 жүкті әйел, 31 бала емізетін ана 282 жасөспірім бар. Біз «Комирнати» Pfizer препаратының тиімділігі 95%-ды құрайтынын айтып отырмыз», - деді Нұрбол Жұмабеков.



Сонымен қатар, ол Алматының Бостандық ауданына барлығы Pfizer өндірген вакцинаның 2 016 дозасы бөлінгенін, қазірдің өзінде 1 386 адам егілгенін айтты.



«Әрбір егу пунктінде қауіпсіздіктің қатаң нормалары, атап айтқанда температуралық режим сақталады. Вакцина алған кезде бірінші кезекте пациентті тексеру жүзеге асырылады, оның барысында анамнез алынады. Сондай-ақ, дәрігерлер өткен аурулар туралы сұрайды.Температураны, қысымды өлшеу, жұтқыншақты тексеру тікелей жүргізіледі. Сонымен қатар, дәрігерлер вакциналанған адамға немесе оның ата-анасына сауалнама жүргізеді. Ал жүкті әйелдерді вакцинациялау кезінде мерзімдерді белгілеу қажет»,- дейді дәрігер.



Спикер «Комирнатидің» бір құтысы 6 адамға есептелгенін және алты сағаттан аспау керек екенін еске салды. Нұрбол Жұмабеков вакцинацияға тіркеу орны арқылы алдын ала жазылуға кеңес берді. №7 емхананың бас дәрігерінің орынбасары вакциналау науқаны басталғаннан бері вакциналанғандардың арасында 1-2 күн ішінде инъекция орнында температураның шамалы көтерілуі мен ауырсынуды қоспағанда, елеулі жанама әсерлер байқалмағанын айтты.



«Инъекция салынған жерге үш күн бойы су тигізуге және физикалық белсенділік танытуға, ваннаға түсуге болмайды. Егер жайсыз сезіну байқалса өз дәрігеріңізге немесе екпе салған дәрігерге хабарласқан жөн»,- дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.