AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дариға Бадықованың экс-жұбайы ажырасқаннан кейін 4...

Дариға Бадықованың экс-жұбайы ажырасқаннан кейін 40 келі салмақ жоғалтқанын айтты

Барлығы 13.10.2025, 14:39 913
Дариға Бадықованың экс-жұбайы ажырасқаннан кейін 40 келі салмақ жоғалтқанын айтты
сурет: instagram.com/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі сторисінде өз өмірін шығармашылыққа арнауға шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, қазір студияда жұмыс жүріп жатыр: ән жазу, фильм сценарийін қарастыру және болашақ жоспарларды нақтылау қолға алынған.

"Қазір студияда ән жазып жатырмыз, фильм сценарийін қарап, алдағы жоспарларды айқындап жатырмыз", - деп жазды ол.

Дархан Мұсаев біраз уақыт әлеуметтік желіде көрінбей кеткенін айтып, қазіргі жағдайының жақсы екенін жеткізді.

"Мені іздеп, уайымдағандар болса - шүкір, бәрі жақсы. Әкемнің: “Өмірде сүрінсең де, құлама, балам” деген сөзі маған үлкен күш берді. Содан бері өзімді қолға алып, спортпен айналыса бастадым. Үш айда 130 килограмнан 90 килограмға дейін төмендедім. Түсінгенім ешбір жеңіс еңбексіз келмейді. Құлау оңай, қайта тұру қиын!" - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық актриса Дариға Бадықова актер Дархан Мұсаевпен ажырасуына қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Экс-жұбайының "Уақыт көрсетеді" бағдарламасындағы сұхбатынан кейін актриса Instagram желісінде өз ойы мен сезімдерін бөліскен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дариға Бадықова #дархан мұсаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);