AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аяс...

Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматының экологиялық саясатының басымдықтарын белгіледі

Барлығы 25.12.2025, 17:57 1,079
Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматының экологиялық саясатының басымдықтарын белгіледі
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты кеңес өтті. Нақты нәтижелер, қалалық ортаны жақсарту бойынша жүйелі шаралар және коммуналдық қызметтерден бастап қала тұрғындарына дейін үдеріске  қатысатындардың барлығының  жеке жауапкершілігін арттыру талқыланды.

Кеңес барысында қаланың сегіз ауданында санитарлық тазалау, абаттандыру және экологиялық ағарту жұмыстары қорытындыланды. Ауаның ластануын төмендетуге, көлік және өндіріс орындарын бақылауға, өзендер мен  каналдар арналарын тазартуға, сондай-ақ тұрақты жасыл қорды қалыптастыру жөніндегі практикалық шараларға ерекше назар аударылды.

Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» - бұл бір реттік акция емес, барлық тараптың тәртіпті, бақылауды және   көпшілікті жұмылдыруды талап ететін ұзақ мерзімді саясат екенін атап өтті. Ол қаладағы тазалық пен тәртіп есеп берумен емес, күнделікті шешімдерден - басқару деңгейінен, әр аула мен кіреберістегі тазалықтан басталатынын айтты.

Күн тәртібі бойынша  тұрғындарға қалалық ортаның түйткілді мәселелері туралы тікелей  хабарлайтын TazaQazBot онлайн-платформасының жұмысы қаралды. Әкім цифрлық құралдар статистикаға емес, нәтижеге жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтіп, жедел кері байланыстың маңыздылығын және азаматтардың өтініштеріне немқұрайлы қарауға  болмайтыны айтты.

Кеңестің жеке блогы бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеуге арналды. Жиынға қатысушылар түсіндіру жұмыстарының тиімділігін, бұл іске жұртшылықты, жастар мен бизнесті тартуды, сондай-ақ қалалық ортада экологиялық мәдениет пен жауапты мінез-құлықты қалыптастыру  жөніндегі іс- шараларды талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша бейінді басқармалар мен аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, экологиялық талаптардың орындалуын жүйелі бақылауға және бірреттік іс-шаралардан тұрақты шешімдерге нақты  көшуге баса назар аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);