AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды шетелдік инвестормен туризм және...

Дархан Сатыбалды шетелдік инвестормен туризм және кәсіпкерлік жайын талқылады

Барлығы 20.01.2026, 15:12 832
Дархан Сатыбалды шетелдік инвестормен туризм және кәсіпкерлік жайын талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінде қала әкімі Дархан Сатыбалды Orascom Investment Holding холдингінің төрағасы, халықаралық инвестор Нагиб Савириспен кездесті.

Дархан Сатыбалды Алматының сауда-экономикалық байланысы 130-дан астам елмен орнағанын атап өтті. Қала көпжақты халықаралық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы саналады. Алматыда 115 халықаралық ұйым мен дипломатиялық өкілдіктің, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 18 өңірлік агенттігінің кеңсесі орналасқан. Сондай-ақ, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің 90%-ының бас кеңсесі дәл осы шаһарда шоғырланған. Бұдан бөлек, ел экономикасының 22%-дан астамы Алматыға тиесілі, республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің төрттен бірінен астамын қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында қала әкімі туризм мен кәсіпкерлікті дамыту басым бағыттардың бірі екенін айтып, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

Сондай-ақ, соңғы үш жылда Алматыға келетін туристер саны 92%-ға артқаны, ал қарбалас маусымда қонақүйлердің жүктемесі 90%-ға дейін жететіні айтылды. Бұл көрсеткіштер қалада туристік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға сұраныстың жоғары екенін айғақтайды.

Кездесу қорытындысы бойынша Нагиб Савирис Алматының инвестициялық әлеуетін тереңірек зерделеуге және ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттары бойынша диалогты жалғастыруға қызығушылық білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);