ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды қала жылу маусымына дайын екенін...

Дархан Сатыбалды қала жылу маусымына дайын екенін растады

Алматы 29.09.2025, 16:11 428
Дархан Сатыбалды қала жылу маусымына дайын екенін растады
Алматы әкімдігі
Алматыда жылу маусымына дайындық аяқталды. Қала әкімдігінде өткен кеңесте энергетика және коммуналдық кәсіпорындардың басшылары әкім Дархан Сатыбалдыға барлық жылу маусымына қатысты толық дайын...

Алматыда жылу маусымына дайындық аяқталды. Қала әкімдігінде өткен кеңесте энергетика және коммуналдық кәсіпорындардың басшылары әкім Дархан Сатыбалдыға барлық жылу маусымына қатысты толық дайын екенін баяндады.

Қаланың дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жылу желілері мен электрмен жабдықтаудан бастап, сумен қамтамасыз ету, газ жүйелері және әлеуметтік нысандарды қамтыды.

Жылу желілерінің жағдайына ерекше назар аударылды. «Алматы жылу желілері» ЖШС жөндеу науқандарын және ұзындығы 23 км-ден астам 51 нысандағы қайта жаңғыртуын аяқтады. Гидравликалық сынақтар жүргізілді, барлық опрессовкалар орындалды. Нәтижесінде кәсіпорынның дайындығы 99%.

Сонымен қатар электр жүйелеріен жаңғырту жұмыстары жасалды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жоспарлы жөндеудің толық көлемін орындады: 1100 км-ден астам электр желілері, ондаған қосалқы станция мен трансформатор дайындалды. Бүгінде қаладағы электр желілерінің дайындығы 100%.

Ауқымды жұмыс жылу көздерінде де жүргізілді. «АлЭС» АҚ өз станцияларының дайындығын 84%-ға жеткізді. Сонымен қатар, нормадан артық отын қоры жасақталды – көмір бойынша 119%, мазут бойынша 136%. Бұл қысты кідіріссіз өткізуге мүмкіндік береді.

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС 68 қазандықтағы жөндеуді аяқтап, тағы 17 нысанда қайта жаңғырту жүргізуде. Кәсіпорынның жалпы дайындығы 98% жетті, отын қоры толық көлемде жиналды.

Маңызды бағыттардың бірі сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дайындау болды. «Алматы Су» ШЖҚ МКК нысандардың толық дайын екенін айтты: ұзындығы 42 км-ден астам су және кәріз желілері қайта жаңғыртылды.

Газбен жабдықтаудың тұрақтылығы да расталды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы филиалы барлық жоспарлы жөндеу және реконструкция жұмыстарын аяқтады. Газ желілерінің дайындығы 99%.

Ерекше назар мектеп, балабақша, аурухана мен тұрғын үйлерге аударылды. Жылу маусымына 412 білім беру нысаны, тұрғын үй қоры бойынша 9117 ғимарат толық әзірленді. Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 92%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге әкім қол жеткізген нәтижемен шектелмей, дайындықты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Ол барлық жүйелердің тәулік бойы мониторингін жүргізудің, апатты жағдайларға жедел әрекет етудің, денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерге ерекше назар аударудың маңызын атап өтті.

Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды коммуналдық қызметтер мен аудан әкімдіктеріне тығыз байланыста жұмыс істеп тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасауды міндеттеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.