ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Медеу ауданындағы құрылыс жұмыста...

Дархан Сатыбалды Медеу ауданындағы құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді талап етті

Алматы 12.06.2025, 19:23 684
Дархан Сатыбалды Медеу ауданындағы құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді талап етті
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Медеу ауданына жұмыс сапары кезінде бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Медеу ауданына жұмыс сапары кезінде бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Сапар барысында сумен жабдықтау, төтенше жағдайлардың салдарын жою, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қалалық ортаны сәулеттік тұрғыда көркейту жобаларына ерекше назар аударылды.

Қала басшысы «Каменское плато» шағынауданында «Балқаш» таза су резервуарынан «Музтау» шағынауданына дейінгі желілердің құрылысы барысымен танысты. Жоба 7 мыңнан астам тұрғынды сумен қамтуға бағытталған. Алматы әкімі жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды және барлық кезеңдердің сапасын бақылауды тапсырды.

Дархан Сатыбалды «Тау-Самал» шағынауданында 2024 жылғы ақпандағы көшкіннің салдарын жою шараларының орындалуын тексерді. Қала басшысы апатты-қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, аяқтауды тапсырды. 

Тұрғындар мен эко-белсенділермен ашық диалог өтті.

Дархан Сатыбалды бұл жерлердің коммуналдық меншікке қайтарылатынын атап өтті, қазіргі таңда оларды қала меншігіне беру рәсімі жүріп жатыр.

Талқылауға Медеу ауданының әкімі де қатысты. Аудан басшысы қалпына келтіру жұмыстарының барысы, мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл және абаттандыру шаралары туралы баяндады. Қала әкімінің қатысуымен тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

«Терренкур-2» саябағы аумағында қала әкімі рекреациялық аймақтың қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоба аясында заманауи серуендеу бағыттары, тоғанды абаттандыру, амфитеатр орнату және туристік инфрақұрылымды дамыту қарастырылған. Мердігер ұйымдарға жұмыс кестесін қатаң сақтау тапсырылды.

Абаттандыру аясында әл-Фараби даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттеріне сәулеттік жарықтандыру жобасы таныстырылды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қала әкімі біркелкі сәулеттік стильді, қызметтердің келісілген жұмысын және тұрғындардың жарықтандыру бойынша ұсыныстарын ескеруді тапсырды.

Сондай-ақ, мегаполис басшысы Достық даңғылы мен Пушкин көшесінің бойындағы жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын абаттандыру жобаларымен танысты. Қолжетімді орта қалыптастыру және құрылыс стандарттарының сақталуын бақылау бойынша жеке тапсырма берілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды салалық басқармалар мен аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар берді – халықпен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету, атқарылып жатқан жұмыстар туралы уақтылы ақпарат беру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.