ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды көлік және әлеуметтік инфрақұрылы...

Дархан Сатыбалды көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысын тексерді

Алматы 26.09.2025, 18:10 416
Дархан Сатыбалды көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысын тексерді
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында қаланың жол, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму барысымен танысты.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында қаланың жол, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму барысымен танысты.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев шаһар әкіміне Рысқұлов даңғылы мен Жұбанов көшесіндегі құрылыстың барысы туралы есеп берді. Мәселен, Рысқұлов даңғылын Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту  жобасы тротуарлар мен веложолдар бар алты жолақты жолды қамтиды. Оның жалпы ұзындығы 2,3 шақырым. Нысанның құрылысына бөлінген шекараларға 220 жер учаскесі кіреді, оның 183-і сатып алынған. Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары да жер учаскелерін сатып алуға байланысты жүргізілуде. Жолдың жалпы ұзындығы 3,9 шақырым. Бүгінде 365 жер учаскесінің 120-сы сатып алынды.

«Магистральдық және радиалды көшелерді ұзарту аясында жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстарды жеделдету қажет, өйткені жұмыстарды орындау кестесі аумақтарды уақытылы босатуға байланысты. Бұл қала үшін маңызды жобалар. Соның арқасында аудандар  арасындағы байланыс жақсарады және көлік жүктемесі азаяды», - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Жұмыс сапары барысында  Алматы әкімі Шұғыла  шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Олар электр желілерінің жеке меншікте болуы салдарынан бірқатар көшелерде жарық  жиі сөніп қалатынын айтты. 

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қала әкіміне аталған шағын ауданда 11,2 шақырым кабельдік желі салынып, екі трансформаторлық қосалқы станция орнатылғанын баяндады. Бүгінде  трансформаторларды іске қосу және электр энергиясын есептеу құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Биыл қараша айында жұмысты толық аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қала әкімі Наурызбай ауданындағы  № 174 мектеп-гимназия жанына салынған қосалқы нысанды да аралап көрді. Үш қабатты 350 бастауыш сынып оқушыларына арналған  ғимарат интерактивті кабинеттермен, барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Нысан осы жылдың қазан айында толық аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.