ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Есентай өзені мен Ботаникалық бақ...

Дархан Сатыбалды Есентай өзені мен Ботаникалық бақтағы жұмыстарды тексерді

Алматы 11.10.2025, 16:29 461
Дархан Сатыбалды Есентай өзені мен Ботаникалық бақтағы жұмыстарды тексерді
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Бостандық ауданындағы бірқатар табиғи және қоғамдық кеңістікті аралап көрді. Жұмыс сапарына Есентай өзенінің жағалауы, Бас ботаникалық бақ және...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Бостандық ауданындағы бірқатар табиғи және қоғамдық кеңістікті аралап көрді. Жұмыс сапарына Есентай өзенінің жағалауы, Бас ботаникалық бақ және «Оңтүстік» саябағы кірді.

Жұмыс сапары Есентай өзенінің арнасын тексеруден басталды. Қала басшысы кейбір аумақтарда төсем сапасына және жағалауды нығайту жұмыстарына назар аударып, мердігер ұйымдарға ұзақ мерзімге шыдайтын әрі қауіпсіз материалдарды қолдануды тапсырды.

«Мұнда барлығы сапаға байланысты. Бұл жолмен күн сайын балалар жүреді. Сондықтан жабын шөгіп не бұзылып кетпес үшін берік болуы керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкім сөзінде жағалауды абаттандыру жұмыстары эстетика мен ыңғайлылықты ұштастыруға тиіс екенін, ал жағалауды бекіту шаралары ұзақмерзімді тұрақтылықты ескере отырып орындалуы қажет екенін атап өтті. Есентай бойында серуендеу бағыттары, спорт және балалар алаңдары, сондай-ақ тұрғындарға арналған демалыс аймақтары құрылады.

Бұдан кейін Дархан Сатыбалды Алматыдағы ең маңызды табиғи нысандардың бірі – Бас ботаникалық бақтың жағдайымен танысты. Аумағы 100 гектардан асатын бақта мыңдаған өсімдіктің түрі өседі, оның ішінде сирек кездесетін және эндемикалық түрлер бар. Тексеру барысында Ботаника институтының мамандары қалалық ортаға бейім өсімдіктер туралы баяндады. Әкімнің айтуынша, бұл тәжірибе Алматыны көгалдандырудың алдағы кезеңдерінде ескеріледі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, Ботаникалық бақ қала тұрғындары үшін ашық әрі жайлы кеңістік болып қала беруге тиіс, сонымен қатар өзінің ғылыми және табиғатты қорғау миссиясын сақтау маңызды.

Сапардың соңғы нүктесі – «Оңтүстік» саябағы. Мұнда жасыл аймақтарды жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Әкім құрылыс барысын қарап, қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру кезінде кешенді тәсілді ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол ерекше назарды көгалдандыруға және аумақтың жалпы көрінісіне аударды.

«Қоғамдық кеңістік жасайтын болсақ, ол барлық тұрғынға – ересектер мен балаларға ыңғайлы болуы керек. Бұл әркім өзін жайлы сезінетін тартымды орындар болуға тиіс», – деді Дархан Сатыбалды.

«Оңтүстік» саябағын абаттандыру жобасында жаңа жүргіншілер аймақтарын, жарықтандыру мен орындық орнату, балалар және спорт алаңын салу, сондай-ақ ағаш пен бұта отырғызу қарастырылған.

Қала әкімі атап өткендей, жасыл аймақтарды дамыту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру – әкімдіктің жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Алматыда жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.