ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды "Барлық" базары маңындағы даму жо...

Дархан Сатыбалды "Барлық" базары маңындағы даму жобаларымен танысты

Алматы 09.09.2025, 11:45 660
Дархан Сатыбалды "Барлық" базары маңындағы даму жобаларымен танысты
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында "Барлық" базары орналасқан аумақтағы негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын көрді. Бұл жобалар қаланың көлік және инженерлік...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында "Барлық" базары орналасқан аумақтағы негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын көрді. Бұл жобалар қаланың көлік және инженерлік жүйесін дамытуға бағытталған.

Әкім метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегіне қатысты жобаға тоқталды. Ол "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейінгі аралықты қамтиды. Жоспарға сәйкес, ұзындығы 5,3 шақырымдық тоннельдер қазылып, үш станция салынбақ. Сонымен қатар "Барлық" базары аумағында бірыңғай көлік-айырбас торабы (хаб) жасалады. 

Болашақ хаб құрамына метро станциясы, қалааралық автобекет, жеңіл рельсті көлік станциясы және автотұрақ кіреді. Жоба Алматының шет аймақтарын орталықпен байланыстырып, тұрғындардың барынша ыңғайлы қоғамдық көлікпен қатынауына мүмкіндік береді.

Сапар барысында Дархан Сатыбалды жер асты су алу қондырғысы – "Ақжайық (Барлық)" жобасымен де танысты. Жаңа нысан Наурызбай және Алатау аудандарындағы 80 мыңнан астам тұрғынға тәулігіне 43 мың текше метрге дейін су береді. Бұл жоба қаланың батыс бөлігін су жүйесімен қамтиды.   

Сапар соңында қала әкімі метро құрылысына арналған жер телімдерін келісу мен сатып алуды жеделдету, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамадан белгіленген мерзімде өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, болашақ көлік торабының қауіпсіздігі мен жайлылығына баса назар аударуды әрі "Ақжайық (Барлық)" су алу жобасын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.