ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Алматыны көгалдандыру бойынша сен...

Дархан Сатыбалды Алматыны көгалдандыру бойынша сенбілікке қатысты

Алматы 11.10.2025, 12:20 405
Дархан Сатыбалды Алматыны көгалдандыру бойынша сенбілікке қатысты
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы «Достық» саябағында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы «Достық» саябағында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.

Акцияға қалалық мәслихат депутаттары, басқарма қызметкерлері, еріктілер және белсенді жастар қатысты.

Іс-шара барысында «Достық» саябағында 50 ағаш отырғызылды, оның ішінде 10 қарағай, 40 үйеңкі, 40 жөке, сондай-ақ 130 бұта мен 50 шаршы метр аумаққа қызғалдақ тұқымы егілді. Көшеттер коммуналдық қызмет өкілдерінің, жастар ұйымдарының және аудан тұрғындарының қатысуымен арнайы дайындалған аумақтарда егілді.

Дархан Сатыбалды экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға жауапты көзқарас тәрбиелеу «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Алматы ежелден еліміздегі ең жасыл қала саналады. Бұл мәртебені сақтау үшін әр тұрғын тұрақты түрде қамқорлық көрсетіп, атсалысуы қажет. Экологиялық мәдениет үлгі көрсету мен ортақ іске қатысу арқылы қалыптасады. Мысалы, ағаш отырғызу мен қаланы абаттандыру секілді іс-шаралар арқылы», — деді қала әкімі.

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық сана қалыптастыруға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бағдарлама аясында Алматыда жүйелі түрде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бері 31 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды, оның ішінде биіктігі 6 метрден асатын 2 мың ірі көлемді ағаш бар. Сондай-ақ, пластик пен алюминий қалдықтарын қабылдайтын фандоматтар орнатылып, жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді жинау және тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау акциялары ұйымдастырылып келеді.

Акция өткен «Достық» саябағы Бостандық ауданында, Тимирязев көшесінің бойында, Шашкин көшесінің батыс жағында орналасқан. Жалпы аумағы – 3,4 гектар, оның 2,8 гектары жасыл аймақ. 2020 жылы саябақта кең ауқымды жаңарту жұмысы жүргізіліп, ол тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.