ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Алматыдағы әлеуметтік және инфрақ...

Дархан Сатыбалды Алматыдағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады

Алматы 04.10.2025, 17:45 444
Дархан Сатыбалды Алматыдағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады
сурет: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандв аралап, тұрғындардың өтініштерімен, абаттандыру жұмыстарының нәтижелерімен және әлеуметтік...

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандв аралап, тұрғындардың өтініштерімен, абаттандыру жұмыстарының нәтижелерімен және әлеуметтік мекемелердегі жағдаймен танысты.

Жұмыс сапары Бостандық ауданындағы Rams City тұрғын үй кешенінен басталды. Мұнда әкім тұрғындардың өтінішін тыңдады. Әсіресе, ескі үйлерде тұратын азаматтар көшу мәселесін көтерді. Дархан Сатыбалды бұл мәселені жеке бақылауына алатынын және жауапты органдармен бірлесіп қарастырылатынын атап өтті.

Rams City тұрғын үй кешенінің тұрғындары да бірқатар мәселені айтты. Олар гидрооқшаулау, жол қозғалысын ұйымдастыру және полиция пунктін орнату. Әкім осы бағыттар бойынша тиісті қызметтерге нақты шаралар қабылдауды және жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Кейін Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы Торайғыров көшесінің бойындағы абаттандырылған жүргіншілер аймағымен танысты. Бұл жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Абаттандырылған аумақтың жалпы көлемі – 2,5 гектар.

Қайта жөндеу барысында тротуарлар толық жаңартылып, жиектастар орнатылды, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қамтамасыз етілді. Веложолы қалпына келтіріліп, жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды. Энергия үнемдейтін шамдармен жабдықталған жаңа шам тіректері орнатылып, бұл түнгі уақытта қауіпсіздік деңгейін арттырды. Сондай-ақ заманауи балалар және спорт алаңдары салынды, қауіпсіз жабын төселді, 200-ден астам ағаш пен 1 500 бұта егілді, автоматты суару жүйесі орнатылды.

Жұмыс сапарының соңында Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы «Парасат» және «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына барды.

«Парасат» орталығы 2005 жылы құрылған және психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. 2025 жылы жүргізілген күрделі жөндеуден кейін мұнда оңалту, дельфинотерапия, иппотерапия, шығармашылық шеберлік және VR-терапия кабинеттері ашылды. Орталық 360 адамға қызмет көрсетуге арналған, мұнда 132 қызметкер еңбек етеді.

– Біз ерекше қажеттілігі бар әр азамат өзіне қамқорлық пен қолдауды сезінетін жағдай жасауымыз керек. Мұндай орталықтар адамдарға бейімделуге, кәсіби көмек алуға және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді, – деді Дархан Сатыбалды.

«Шаңырақ» орталығы 2001 жылдан бері жұмыс істейді және егде жастағы азаматтар мен I-II топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық мекеме болып табылады. Қазіргі уақытта мұнда 292 адам тұрады, олардың 108-і – мүгедектігі бар азаматтар. Орталықта медициналық, психологиялық және мәдени қызметтер көрсетіледі. Күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ абаттандырылды, бейнебақылау орнатылды және тұзды бөлме ашылды.

Сапар қорытындысында қала әкімі Алматының қалалық инфрақұрылымын дамыту, аудандарды абаттандыру және тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.