AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды: Алматыда қалалық сервистерге ЖИ...

Дархан Сатыбалды: Алматыда қалалық сервистерге ЖИ енгізу жеделдейді

Барлығы 05.01.2026, 14:43 519 Сұлу
Дархан Сатыбалды: Алматыда қалалық сервистерге ЖИ енгізу жеделдейді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қалалық басқару жүйесінде және мегаполистің тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі салаларда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, талқыланған бастамалар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы аясында жүзеге асырылады және қаланың әрі тұрғындардың нақты қажеттілігіне бағытталған қолданбалы сипатта болуға тиіс.

Кеңес барысында Алматының цифрлық трансформациясының басым бағыттары қаралды. Олардың қатарында тұрғындар үшін электрондық сервистерді дамыту, әкімдіктің ішкі үдерістерін цифрландыру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология және қоғамдық қауіпсіздік салаларына, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне зияткерлік шешімдерді енгізу мәселелері бар.

Алматы әкімі цифрландыру қалалық қызметтердің сапасын арттыруға, басқарушылық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғындар үшін қолайлылықты күшейтуге тікелей әсер етуге тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ деректермен жүйелі жұмыс жүргізу мен цифрлық шешімдерді белсенді енгізу осы мақсаттарға қол жеткізудің негізгі шарттары екені айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды 2026–2030 жылдарға арналған Smart City стратегиясы мен цифрлық трансформация жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, электрондық сервистер мен азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіне жасанды интеллект шешімдерін енгізуді жеделдетуді, сондай-ақ басты салалардағы цифрлық жобаларды іске асыру кезінде қалалық қызметтер арасындағы үйлестіруді күшейтуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Smart City #жи
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);