AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды: Алматыда жыл сайын кемінде 130 ш...

Дархан Сатыбалды: Алматыда жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желі жаңартылып отырады  

Барлығы 17.12.2025, 15:43 604 Сұлу
Дархан Сатыбалды: Алматыда жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желі жаңартылып отырады  
Алматы әкімдігі

Алматыда әр кезеңде салынған инженерлік желілердің күрделі жүйесі қалыптасқан. Бұл жүйе тұрақты түрде дамытуды және жаңартуды талап етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін "Ақсай", "Нұрлы Тау" және "Барлық" су алу құрылыстарының, сондай-ақ 460 шақырым су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл шаралар қаладағы 232 мың тұрғынды тұрақты ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы ұзындығы 19 шақырым болатын үлкен диаметрлі коллектор, сондай-ақ қаланың оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінен сарқынды суларды ағызуға арналған жалпы ұзындығы 33 шақырым болатын 3 кәріз коллекторы салынады. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын жаңа Батыс коллекторы Алматының батыс бөлігін және облысқа іргелес аумақтарды қамтиды.

"Энергетика саласында Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында иесіз қалған 147 шақырым желіні қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Батыс жылу кешенін кеңейту және қуаты 100 МВт болатын екі қазандық агрегатты орнату қаладағы 250 мың тұрғынның жылумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ "Шығыс қақпасы" және "Кірпіш" 110 кВ қосалқы станцияларын салу қаланың шығыс бөлігіндегі келешегі бар аудандарды сенімді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Жалпы жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желіні жаңарту көзделген. Оның ішінде: су құбыры желілері – 35 шақырым, кәріз жүйесі – 10 шақырым, жылу желілері – 39 шақырым, электр желілері – 45 шақырым", – деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);