AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматы әкімі тұрғындарды азаматтық борышын өтеуге...

Алматы әкімі тұрғындарды азаматтық борышын өтеуге шақырды

Референдум 11.03.2026, 18:43 723
Алматы әкімі тұрғындарды азаматтық борышын өтеуге шақырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды. Мұндай бейнеүндеу оның Instagram-парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Еліміз аса маңызды тарихи өзгерістердің табалдырығында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасы әділетті, ашық әрі қуатты мемлекет құрудың берік тұғыры. Бұл іргелі құжат қоғам көптен күткен терең өзгерістерге жол ашады. Адам құқығын қорғаудың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, заманауи әрі озық құндылықтарды бекітеді», – деді Дархан Сатыбалды бейнеүндеуінде.

Алматы әкімі жаңа Конституция елдің дамуындағы стратегиялық бағытты айқындап, қоғамдық бірлікті нығайтып, халық билігі мен заң үстемдігін күшейтетінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол жаңа Конституция жобасының басты ерекшеліктерінің бірі – оның адамға бағдарланған сипаты екенін айтты. Бұл қағида Алматыда қолжетімді әрі сапалы қызметтердің одан әрі дамуына, сондай-ақ қала тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

«Тәуелсіздіздік туын көк аспанында алғаш рет желбіреткен Алматылықтар Конституциялық реформаны жүзеге асыруда белсенді позиция ұстанып, оның әлеуетін толық пайдалануға әзір деп санаймын.      

Сондықтан, ұлт мұраты, ұрпақ қамы үшін жасалып жатқан ұлы істі бірауыздан қолдап, ел игілігіне айналдыру үшін бәріңізді дауыс беруге шақырамын! Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!», – деп сөзін түйіндеді қала әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);