Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Даниал Ахметов шекара маңындағы ауылдардың қалай д...

Даниал Ахметов шекара маңындағы ауылдардың қалай дамитынын айтты

Әлеумет 14.07.2022, 12:37 1,034
Даниал Ахметов шекара маңындағы ауылдардың қалай дамитынын айтты
сурет: Inform.kz

Халықтың өмір сүру сапасы басты назарда


Шығыс Қазақстан облысында шекара маңындағы аумақтар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Аумақтарды дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, облыстағы маңызды бағыт – шекара маңындағы аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын қайта жаңғыртуды айтпай кетуге болмайды. Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан, облыс орталығынан шамамен 400 шақырым қашықтықта орналасқан өңірлер үшін халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Кешенді жоспарлар қабылданды», - деді Д. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде. 



Оның айтуынша, орталық және шет аумақтар арасындағы ахуалды теңестіруге 2020 жылдан 2024 жылға дейін бес жылда 183 млрд теңге бағыттау жоспарланған, оның ішінде 2021 жылы 43 млрд теңге жұмсалды. Биыл облыстардың бөлінуін ескере отырып, 44 млрд теңгеге іс-шаралар іске асырылады. Бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы бойынша 2021-2024 жылдары әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сапалы өзгеруіне 43 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 2021 жылы жобаларды іске асыруға 14 млрд теңге жұмсалды, биылғы жылға 8 млрд теңге бөлінді. 



«Шекара маңындағы аумақтар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту жоспарларын іске асырудың екі жылдық нәтижесінде 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, 9 спорт нысаны, көп пәтерлі 3 және екі пәтерлі 202 (19 мың шаршы метр) үй салынды, 283 километр сумен қамту жүйесі тартылды, 156 әлеуметтік нысан, сондай-ақ 450 километрден астам жолдар мен көшелер жөнделді», - деп баяндады Даниал Ахметов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#облыс #шекара #ШҚО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.