ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Cұранысқа ие мамандықтар тізімі жыл сайын жаңартыл...

Cұранысқа ие мамандықтар тізімі жыл сайын жаңартылып отырады

Әлеумет 10.03.2022, 05:14 1,346
Cұранысқа ие мамандықтар тізімі жыл сайын жаңартылып отырады
Сурет: Agropolit.com
Жастарға мамандық таңдауға көмектеседі.

Жастарға мамандық таңдауға көмектеседі.


Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыруды көздеп отыр. Үкіметтің кезекті отырысында осы мақсатта жасалып жатқан шаралар жайында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біздің қатысуымызбен барлығы 33 іс-шара қарастырылған, оның 16-сын тікелей министрлікпен жүзеге асыратын болады. Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.



Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс шеңберінде Еңбекмині фрилансерлер қызметін цифрлық форматқа көшіру мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлеуде. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін түрлі платформаларда оңай тіркеуге, қажетті мамандарды тез табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.


Бұдан басқа, 3 және 4 санаттар бойынша (мамандар мен білікті жұмысшылар) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 4,7 мың адамға қысқартылды.



«Жаңа жұмыс орындарын құру өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты жаңарту арқылы бақыланады», – деп толықтырды Серік Шәпкенов.



Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыты бойынша ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтарды «Ерте анықтау жүйесі» енгізілетін болады. Бұл ретте отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік мәртебесі жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленеді және олардың нақты қажеттіліктері айқындалады.


Сондай-ақ, жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», түлектерге арналған «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары шеңберінде субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылатын болады.


Жастарды жұмысқа ынталандыру үшін заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден жұмысқа келген жастар үшін тұрғын үйді жалға алуға көтерме жәрдемақы енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.


Көп балалы отбасылар (76,8 мың) және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (7 мың) үшін барлық өңірлерде Әйелдерді қолдау орталықтарын құру жоспарлануда.



«Бұл шаралар нақты қажеттіліктер бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтауға, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Серік Шәпкенов.



Кәсіптік дағдыларды дамыту және еңбек ресурстарын кәсіптік бағдарлау бағыты бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында жаппай қайта даярлау және біліктілікті арттыру «фабрикалары» құрылатын болады. Жастарды оқытуға және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатын болады.



«Сондай-ақ, сұранысқа ие дағдыларды тану жүйесі енгізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбекмині «Ұлттық біліктілік жүйесі туралы» заң жобасын әзірлеуде. Оның шеңберінде біліктілікті танудың тәуелсіз орталықтарын құру үшін тиімді жағдайлар жасау, жыл сайынғы сертификаттаудан өту үшін ізденушілерге кемінде 1000 ваучер ұсыну көзделеді. Skills.enbek.kz платформасында онлайн оқу арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеруге жағдай жасалады. Оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру үшін мансаптық ілгерілеу бойынша кемінде 100 нұсқаулық әзірленетін болады», – деп толықтырды Серік Шәпкенов.



Сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтар тізімі жыл сайын жаңартылып отырады.



«Бұл шаралар жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кадрлар даярлауға, жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар туралы хабардар етуге, оларға мамандық таңдауда қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Еңбекминінің басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.